

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
83
орындаудың орнына, берілген қорғаныс шебін бұйрық
келмей тұрып тастап кетіп, мұсылмандар уақытша
жеңіліске ұшырады. Сол себепті шейіт кеткендер мен
жараланғандар аз болған жоқ. Аллаһ елшісінің де басы
жарылып, тісі сынып, денесі қанға боялды. Міне,
осындай уақытта Пайғамбарымыз (с.а.с.) мейірімді,
биязы болғандықтан, жазалау былай тұрсын, олар-
ды ұрсып, жекуді ойына да алмады. Аллаһ елшісінің
орнында басқа бір басшы болғанда, тым құрығанда
қатулы қабақ танытып, «Мен сендерге былай істеңдер
деп айтпап па едім?!» – деген секілді реніш білдірер
еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) керек кезінде өзінің
ұстамдылығымен мұсылмандарға ерекше мейірімділік
танытқан. Құранда оның кешірімді екендігі жайын-
да былай деген:
«Сол кезде сен оларға Аллаһтың
рақымымен, жылы шыраймен қарадың. Егер
тұрпайы, қатал жүректі жан болғаныңда, сөзсіз,
олар айналаңнан тарқап кететін еді»
73
.
Айша анамыз жеткізген бір хадисте Расулаллаһ
(с.а.с.): «
Аллаһ тағала маған парыз амалдарды орында-
уды бұйырғаны секілді адамдармен тату-тәтті өмір
сүруге бұйырылдым
», – деген. Тағы бір риуаятта Аллаһ
елшісі (с.а.с.) Әбу Умаманың қолынан ұстап: «
Ей, Әбу
Умама! Шындығында, мүміндердің арасында жүрегі
маған жібігендері бар
», – деп өзінің жұмсақтығының
арқасында қаншама мұсылманның Аллаһ елшісі үшін
жанын құрбан етуге дейін баратындығын білдірген.
Бұл шындықты Құран кәрім: «
Шынында, сендер-
ге өз араларыңнан бір пайғамбар келді, сендердің
қиналуларың оған қатты батады. Ол сендер-
ге ынтық, мүміндерге аса еміренгіш, мейірімді
»
74
73
«Әли Имран» сүресі, 159.
74
«Тәубе» сүресі, 128-аят.