Previous Page  82 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

82

кепілмін»

72

– деп тартысты жаны қаламайтын, әрқашан

кешірімді болуды қалайтын.

Жұмсақтық көңілдің кілті іспеттес. Расулаллаһ

құдай дарытқан осы қасиетіне сүйене отырып, Мекке

мен айналасындағы момынынан бастап ең қасарысқан

қырсығына дейін ақиқат дінді насихаттады. Мекке

мүшріктері қолмен де, тілмен де Пайғамбарымызға

(с.а.с.) зәбір көрсетті, ақыр соңында туған жерінен ке-

туге мәжбүр болды. Кейін дін Ислам Мәдинада өркен

жайып Мекке қаласы мұсылмандардың қолына өтті.

Әділдік тұрғысынан қалаға ат ойнатып кіріп, баяғыда

өзін қорлаған қаншама адамдарды артық ауыз сөзге

келмей қырып салса ешкім қыңқ етіп қарсы шықпас

еді, бірақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) қуылған кезінде қалай

шықса,Мекке өз қолына өткенде де қаланыңқақпасынан

дәл солай кірді. Басын төмен ұстағаны соншалық –

жұрт басы түйесінің еріне дейін жететіндей иілгенін

көрген. Көкірегінің кеңдігімен «Сендер азатсыңдар», –

деп барлығын кешірді.

Жұмсақтық – Аллаһтың соңғы елшіге бер-

ген рақымдылық көрінісі. Егер Расулаллаһ дөрекі,

тасжүрек мінез танытса, маңына ешкім жуымас еді.

Дін жолындағы қиындығы мен қорлығы адам айтса

нанғысыз болса да, бір сәтке де қабақ шытып, ісінен

түңілген емес. Теңдессіз жұмсақтығы болмағанда,

таблиғты осыншалықты аз уақытта жеткізуі өте қиынға

соғар ма еді.

Ұхұд соғысы болар алдында Аллаһ елшісі саха-

баларына әртүрлі соғыс тәсілдерін егжей-тегжейіне

дейін түсіндірген. Соның ішінде қатаң табыстап

садақшыларды да бір төбеге орналастырды. Соғыс

барысында, олар осы айтылған нәрселерді толықтай

72

Тирмизи, Бирр, 58.