

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
87
Тағы бірде Үммі Әйман деген әйел Пайғамбары-
мызға (с.а.с.) келіп: «Күйеуім сізді үйге шақырып жа-
тыр», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелге қарап
тұрып:
«Сенің күйеуің көзінде ағы бар адам емес пе?»
– дегенде, әлгі әйел жұбайымның көзінде ақ жоқ десе
керек. Сөйтсе Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдардың
барлығының көзінде ағы мен қарасының болатынын
меңзеп, әзілдеп айтқан екен.
35. Ел билеп, әскер басшысы болса да
қарапайымдылықтан айнымаған ба?
Аллаһтағаланыңұлылығынабасиіп,өзініңәлсіздігін
ескеріп, әрдайым жалбарына жүру кісіні мақтаулы
орынға көтеретін бірден-бір қасиет. Қос дүниеде де
қол жетпейтін биікке жалғыз адам лайықты деп та-
нылса, сөзсіз мақтаулы Мұхаммед (с.а.с.) таңдалар еді.
Қорлық пен азаптың небір түрін көріп жүргенде де, иісі
мұсылман баласының құрметіне бөленген күндерінде
де кісі қызығар қарапайымдылығынан жаңылған емес.
Қарапайымдылығы соншалық – уағыз тыңдауға
алғаш келген адамдар отырғандардың қайсысы
пайғамбар екенін ажырата алмай жататын. Мәдинаға
һижрет еткенде бұрын-соңды Аллаһ елшісін
көрмегендер хазірет Әбу Бәкірге қарай жақындайды.
Ұлағатты Әбу Бәкір қысылып, қолына желдеткіш
алып Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарай желпи бастайды.
Сонда ғана жұрт сүйікті елшіні танып, жапа-тармағай
ұмтылады.
Хазірет Айша (р.а.) Аллаһ елшісінің үйде өзін-өзі
ұстауын былай деп әңгімелейді: «Расулаллаһ үйде өзін
қарапайым қатардағы адамдар сияқты ұстайтын. Киімін
жамап, аяқкиімін тігіп, малды өзі жайлап, жұбайларына
қол ұшын беретін». Дастарқан басына қызметшілерімен