

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
85
қалжыңдары терең ойға, кісі арасын жарастыруға,
бауырмалдыққа себеп болатын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) отбасы мүшелерімен
әзілдесіп, көңіл көтеріп, олардың қуанышты, көңілді
болып жүруін қалайтын. Сондай-ақ Айша анамыздың
(р.анһа) бірге ойнайтын көрші құрбылары болған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) да құрбыларының Ай-
шамен (р.анһа) бірге ойнауына кедергі жасамай-
тын, тіпті керісінше, ойындарын қызықты ету үшін
жәрдем беретін. Мейрам күндерінде Айшаға (р.анһа)
Хабашилардың ойындарын көруіне рұқсат берген.
Кейде сапарда жүргенде анамызбен жүгіруден жары-
сып, көңілін көтерген болатын. Лұқман (р.а.):
«Ақылды
ер кісі отбасына барғанда баладай жұмсақ болады.
Ал қауымының ортасында өзін салмақты ұстайды»,
–
деген. Тағы бір риуаятта
«Аллаһ тағала отбасына
қатал тәкаппар жандарды жақсы көрмейді
», – деп
айтылған
76
.
Кейде кештетіп әйелдерімен жиналғанда күлдіргі
оқиғалар айтып, әзілдесіп отыратын
77
. Мысалы, бірде
Айша анамыз Пайғамбарымызға (с.а.с.) ұннан жасалған
ботқа пісіреді. Сол сәтте Сәуда анамыз да жанында
отырған болатын. Айша (р.а.) Сәудаға: «Кел, сен де
же», – дейді, Сәуда бас тартады. Сонда Айша анамыз
оған: «Егер жемесең, ботқаны бетіңе жағамын», – деп
қорқытады. Сәуда жемеймін деп қайтпай тұрып алады.
Айша (р.а.) ботқаны алып оның бетіне жаға салады.
Бұл жағдайды сырттай көріп тұрған Пайғамбарымыз
(с.а.с.) оларға қарап күліп, қолымен Сәуданы ұстап:
«Неге тұрсың, сен де оның бетіне жақ», – дейді. Сәуда
76
Имам Ғазали, Ихия Улумиддин 349 б.
77
Хайсами, Нуриддин Али ибн Әбу Бәкір 4/315.