

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
80
дұшпандарының өзі ол туралы титтей де жаман ойға
бармаған.
Расулаллаһ (с.а.с.) құдды бір Құранның тірі
үлгісіндей еді. Ақтық демі таусылғанша кітапта
Аллаһтың әмір еткенін екі етпей, тыйғанынан бойын
аулақ салды. Бір кісі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінезі
туралы сұрағанда хазірет Айша анамыз (р.анһа): «Сен
Құран оқымаушы ма едің? Ол кісінің мінезі Құран емес
пе?» – деп еді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «
Мен көркем
мінезді толықтыру үшін келдім
», – деген хадисі бұл
ойымызды бекіте түседі.
Адамзат пен жындарға жіберілген ең соңғы елшінің
барлық ахлақтық құндылықтарды бойына жинақтауы
ақылға қонымды да. Аллаһ құлын ең көркем түрде
тәрбиеледі. Ахлағының өзі пайғамбарлығының
бір дәлелі деуіміз де сондықтан. Алғаш рет уахи
періштесімен кездесіп, үрейленіп үйіне жеткен-
де жұбайы Хадиша анамыз (р.а.) мынаны айтып еді:
«Ант етейін, Аллаһ сені ешқашан жерге қаратпайды,
өйткені туыстарыңа қарайласасың, әлсіздерге қол
ұшын бересің, жарлы-жақыбайларға ерекше көмек
көрсетесің, алдыңа келген қонақты разы қылып,
жұрттан көмегіңді аямайсың»
. Хазірет Хадишаға
(р.а.) бұл сөздерді айтқызған себеп Расулаллаһтың
(с.а.с.) пәк болмысы еді. Олай болса, мінез-құлық
жағынан титтей де қателік жібермеуі оның нағыз елші
екендігіне дәлел.
33. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
жұмсақтығы мен кешірімділігі Аллаһтың
нығметі ме?
Бір-біріне қарама-қайшы жақсы мінезді өз
өмірінде үйлесімде ұстауы кез келгенге оңай соқпасы