

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
75
жеткізу үшін жасалады. Мұны табиғи бір құбылыс
ретінде көрсету не болмаса елді мәжбүрлі түрде
иманға шақыру, иләһи хикметке қайшы келмек, өйткені
пайғамбар дағуаны иман еткендердің иманын артты-
ру үшін, кәпірлерге өзінің пайғамбар екенін дәлелдеу
үшін ғана жасайды. Оларды еркінен айырып, ақылын
тұмшалап, мәжбүрлеп сендіру үшін жасамайды. Егер
Айдың бөлінуі дүниеге көрсетілуі мұрат етіліп, ұзақ
уақыт бойы екіге бөлініп тұрғанда, көктің кезекті бір
құбылысы саналып, жұрттың бәрін сендіруге мәжбүр
етіп, адамдарды еркінен айырар еді. Ал иман ету кісінің
дербес ықтиярына, қалауына байланысты. Кісі еркінен
тыс иман етпейді. Иман етпесе де өзі үшін, иман етсе де
өзі үшін.
3. Оның үстіне аталмыш мұғжиза күтпеген жер-
ден, түн ішінде, көпшілік қауымның ұйқыға кеткен
уақытында орын алған.
3. Бұл жерде айдың туып-батуын да ескеру керек.
Бір жерде күндіз болғанда, бір жерде түн қараңғылығы
орнайды. Ай бір жерде көрінсе, бір жерде көрінбейді.
Кей жер ашық, кей жер бұлтты. Айдың бөлінгенінің
көрінбеуіне сүйеніп, бұл мұғжиза орын алмады деу
қисынға келмейді, сондықтан Ай жарылды, оған сен-
гендер пайғамбардың хақ екендігін растады, ал оған
сенбегендердің ақиретте Аллаһ алдында айтар сылтауы
болмайды.
31. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қандай
пайғамбарлық сипаттары бар?
Ұлы
міндетті
арқалаған
Пайғамбарымыз
Мұхаммедтің (с.а.с.) қарапайым адамдардан артық
ерекшелігінің болуы заңды да. Бөтеннің дүниесіне
көз тігу, өсек пен өтірік айту сияқты жағымсыз