

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
71
өйткені Құран екі дүниенің бақытына жетелейтін
қасиеті мен өсиеті дара кітап қана емес, мына күллі
тіршіліктің мәңгілік мағынасы. Көзге көрінетін және
көрінбейтін әлемнің анықтамасы. Мына айқын әлемнің
пердесі артынан келген мәңгілік рахмани ілтипаттардың
және ежелгі субхандық үндеудің сарқылмас қазынасы.
Жаратылыстың жол көрсетушісі. Адамзат өмір
деңгейінің ең жоғарғы дәрежесі Исламның өмір
негізі. Барлық адам баласының ұстануы тиіс ақиқат
сөзі. Адамға әрі құқық, әрі дұға, әрі зікір мен ғибадат,
әрі даналық, әрі хикмет, әрі әмір мен тәблиғ кітабы.
Негізінен, барлық адамзаттың әртүрлі рухани әрі пікір
мұқтаждықтарына ем болатын бірнеше шығарманың
қайнар көзі болған құтты кітап.
Құран өмірдің барлық бұлтарыстарын қамтитын
ашық әдістеме ұсынуда. Ол әдістеменің ерекшелігі сол:
адам баласы бұған дейін ондай кереметті көрмеген еді.
Дәл Ислам дініндей адам баласына материалдық және
рухани бақытты бұрын-соңды ешбір жүйе бере алған
емес.
Пайғамбарымыз мақтаулы Мұхаммедтің (с.а.с.)
мұғжизасын көзімен көрген ізгілер сол жерде еріксіз
«Аллаһтан басқа құдай жоқ» дей берді. Ал тастай
қатты жүректеріне Аллаһ тағала иман нәсіп етпе-
ген бақытсыздар теріс айналды. Арада қарт тарихтың
қанша парағы аударылып жатса да мұсылмандар үшін
ұлы мұғжиза Құран кәрім күні кеше ғана Пайғамбар
(с.а.с.) аузынан шыққандай өміршең қалпын сақтауда.
Ал пайғамбар Мұхаммедті (с.а.с.) саясаткер, фило-
соф деп санайтын дүниеқоңыздар үшін, Құран сөзі
баяғылардың ертегісі ғана. Құдай ондай ойдың бетін
ары қылсын!