

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
66
ратылуымыз да бір мұғжизалық ұқсастық бар, өйткені
Аллаһ тағала Адам атаны (а.с.) топырақтан (жердің
элементтерінен) құрап сосын рух беріп жанды еткені
секілдібіздіңдебіржансызтамшыданжәнежербетіндегі
азықтардан нәр алып қалыптасқан ана жатырындағы
денемізге Аллаһ рух беріп жанды етті. Алайда адам ба-
ласы үшін көз алдындағы мұғжизаның қадірі болмай-
ды. Бұл мәселеге мынадай мысал келтіре кетейік: бұл
Жер шары, әлеміміз жаратылмай тұрып, бір адамға осы
әлемді бейнелеп, тау-тасымен, өзен-көлімен, түрлі жан-
ды-жансыз жаратылыстарымен бейнелеп, осындай бір
әлем жаратылады десек, дереу оның ойына қияли нәрсе
секілді көрініп, күмәндана бастауы мүмкін. Алайда
ол адам осы өмірге келіп, көзі үйренгеннен кейін бұл
әлемдегі барлық құбылыстар қалыпты жағдай секілді
көрініп, мұғжиза жоқ секілді көрінеді. Алайда ойланып,
ой жіберген адамға бұл әлемдегі құбылыстар үлкен
мұғжиза. Сол үшін Аллаһ тағала пайғамбарларды ерек-
ше мұғжизалармен жіберген. Мұғжизаларының мына-
дай ерекшеліктері бар:
1) Мұғжиза тек Аллаһтың қалауымен жүзеге аса-
ды. Пайғамбар мұғжизаны болдыра алмағаны секілді
оны тоқтата да алмайды. Мысалы, хазірет Мұсаға
Аллаһ тағала:
«Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяқты
жерге таста!» –
дейді. Хазірет Мұса оны жерге та-
стап жібергенде, ол таяқ улы жыланға айналып шыға
келеді. Түр-түсі сұп-суық оқ жыландай ысылдап хазірет
Мұсаның өзін қорқытты. Сонда Хақ тағала Мұсаға:
«Оны қайта қолыңа ұста, қорықпа. Оны әуелгі қалпына
келтіреміз»
62
,
–
дейді. Бұл жыланнан хазірет Мұсаның
қорқуы, бұл мұғжизаның Мұсаның емес Аллаһтың
қалауымен болғандығын көрсетеді. Құранда:
«Ешбір
62
«Таһа» сүресі, 20.