

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
63
Кейбіреулер оған байлыққа кенелу үшін, атақ жинау
үшін пайғамбар болды деп айтуы мүмкін еді
58
.
Үлкен жауапкершілікке машықтады
. Оған
«тәуекелдің»
59
асқар шыңына шығып, шыңдалып,
барлық қиыншылықтарға қарсы тұра алатындай өсіп-
жетілу керек болды. Аллаһ тағала оны байлықтың
буына мастанудан, қайыршылық пен жоқшылықтың
жетегінде кетуден сақтады. Ғұмырының әр кезеңінде
орта жолды көрсете отырып, тура бағытынан
жаңылдырмай, астамдық пен кемшіліктен бойын
аулақ ұстап жетілуіне жағдай жасады. Ұлы адамның
дәл осылай қиыншылық күндерді бастан кешіруі өте
маңызды. Оны жақын тартқандарға әкелік мейірімнің
ыстық құшағын танытуы үшін жетімдіктің де дәмін та-
тып көруі аса қажет. Соңынан ергендердің жағдайын
түсініп, оларға жылы шырай танытып, қолынан келген-
ше көмек көрсетуі үшін жоқшылықты да көруі керек.
Аллаһ елшісі жетім-жесір мен жоқ-жітіктерге қол ұшын
беріп, қамқорлық көрсетуі – ананың ақ сүтінен, туған
өлкесінің топырағынан сүйегіне сіңген мінезі. Кейін ол
асқақ шыңдарға көтерілген шақтарда осы бір туа бітті
мінезінен еш таймай, өмір бойы түп-түзу ғұмыр кешкен
теңдессіз тұлға күйінде қалды. Өмірінде жетім-жесірге
зекіп, қабақ шытып көрмеді. Сұраушының да қолын
бос қайтармады, өйткені Аллаһ елшісіне осылайша
әрекет етуін әмір еткен.
«Ол (Аллаһ) жетім қалғаныңда
қамқорлыққа алмады ма?»
60
деп Аллаһ тағаланың өзі
Пайғамбарымызға (с.а.с.) қамқоршы болғанын айтты.
Біздерде әкесі, анасы, тіпті ұстаздарымен қоса бір
баланы тәрбиелей алмай жатқанда Пайғамбарымыздың
58
Фиқһус-сира, Рамадан Бути:
59
Аллаһқа шексіз мойынсұну.
60
«Духа» сүресі, 1.