

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
60
болса, қасіретке ұшырайды. Оны ренжітіп Аллаһтың
қаһарына ұшыраймыз деп қорықпайсыңдар ма? Аллаһ
біледі, демде-ақ құрып кетулерің мүмкін», – деп, ар-
тынша Хафсаға: «Қызым, Пайғамбарымызды ренжітіп,
әр нәрсені талап етіп көп шағымданушы болма. Бірдеңе
керек болса, дереу маған сәлем жолда», – дейді.
Демек, бұл оқиғалар Пайғамбарымыздың үйінде
аса көп дүние-мүлік болмағандығын аңғартады.
25. Не себепті жұпыны өмір сүрген?
Бақуатты мол дастарқаннан дәм татып, аста-төк
ішіп-жеу былай тұрсын, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өте
қарапайым өмір сүрді. Пайғамбарлығының сонау
алғашқы кездерінің өзінде мүшріктер талай мәрте ал-
дына жүгіне келіп, қалағаныңды ал да біздің дінімізге
тиіспе, пұттарымызға соқтықпа деген еді. Кейін де
соғыстардан түскен керуен-керуен олжа Мәдинадағы
үйіне дамылсыз ағылып келіп жатты. Бір түйірін де
өзі алып қалмай жұртқа таратып беріп, сол күні кеш-
ке өзі аш жататын. Тіршіліктен тарыққан кез келген
адам соның үйін табатын. Үміті алдамайтын да еді.
Қолындағының бәрін беріп қойғаннан кейін де келген
кісінің бетін қайтармау үшін біреуден қарыз алса да
сұрағанын тауып беретін.
Тақуалықты ту еткен, Аллаһ разылығынан басқа
ештеңені құнды көрмеген адамның жұпыны өмір сүруі
түсінікті де. Адамзатқа мейірімділікті, Жаратушыға
деген махаббатты түсіндіру үшін ғана келген адам
бұл өмірден не алсын?
«Менің сыйымды Аллаһтың
Өзі ғана береді»
56
деп мынау жалған өмірден ештеңе
күтпей, не де болса қалауын Аллаһтан сұраған.
56
«Юнус» сүресі,72; «Һуд» сүресі, 29; «Сәба» сүресі, 47.