Previous Page  57 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

57

тынша «

Олардың жойылуы өз араларында жүзеге аса-

ды. Күнә істеген уақыттарында үмбетіңді бір-біріне

жазалатамын», – деген іле бұйрығы келді. Мен бұл

жазаның да алынып тастауын тіледім, бірақ Раббым

қалдырды

».

Ежелгі замандарда қауымдар күнә істеп шектен

шыққанда көктен от түсіп, не болмаса табиғат апаттары

түп-түгел жер бетінен ізім-қайым жоқ қылатын, бірақ

Мұсылман үмбеті күнә істегенде Аллаһ тағала бір-

біріне жазалатады, өзара алауыздық тудырып, бірімен-

бірі жаға жыртысып, бір-бірін көрместей халге жетеді.

Күнәдан аулақ болып, Аллаһ пен Елшісінің (с.а.с.)

айтқанына амал еткен үмбетте бірлік пен тыныштық

әрқашан үстемдік құрады.

23. Кісі есімдерін өзгерткен бе?

Адамға ат қоюға атүсті қарамайтын. «Сендер

қиямет күні өз есімдеріңмен және әкелеріңнің есімімен

шақырыласыңдар. Олай болса, әдемі есім қойыңдар»54

─ деп өсиет айтқан Пайғамбарымыз (с.а.с.) есімге қатты

мән берген, тіпті кейбір адамдардың психологияға әсер

ететін жағымсыз немесе жаман мағынадағы есімдерін

басқа есіммен ауыстырған. Мысалы, «Бәрра» деген

атты «Зейнеп» деп алмастырған, өйткені «Бәрра» сөзі

«ақталушы, кінәсіздігін дәлелдеуші» деген мағынаны

береді. «Үкім беретіндердің әкесі, ең үздігі» де-

ген мағынадағы Әбу Хәкім деген кісінің есімін

ауыстыртқан, өйткені үкім беруші жалғыз Аллаһ.

«Берекесіз, пәтуасыз» деген мағынаға келетін Арсам

деген есімді де Зүра деп өзгертті. Зүраның мағынасы

«арсамға» қарама-қайшы «өсу, көбею» дегенді береді.

54

Әбу Дәуіт, Әдеп, 70.