

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
54
Құран оқуын әмір еткен еді. Сол себепті бірде сахаба-
лардан Ибн Мәсғудты жанына алып, жын қауымына
барған. Екеуінің хикметке толы осы жолғы сапарын
Абдуллаһтың (р.а.) өзі былай деп еске алады:
«Хаджундағы тау соқпағына барғанымызда Аллаһ
елшісі (с.а.с.) жерге шеңберлеп сызды да, «Осы жерден
тапжылма», – деп, өзі Құран оқи бастады. Артынша
әлдебіреулердің айғай-шуы естілді. Мен расулаллаһқа
(с.а.с.) бірдеңе болып қалмас па екен деп алаңдай ба-
стадым. Жанымда тұрған ол көз алдымда көмескіленіп
бұлдырай бастады. Сағымдай бұлдыраған бірдеңе
арамызды бөліп тұрғандай көрінді. Тіпті даусын есту-
ден қалдым. Артынша күннің бетін бұлт торлағандай
болған қараңғылық бірте-бірте сейіле бастады да,
көзімнің алды шайдай ашылды. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) менен не көргенімді білгісі келді, мен ақ киім
киген өңі қара әлдекімдерді байқағанымды айттым.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұлар Нұсайыптың жында-
ры», – деп түсіндірді. Демек, расулаллаһтың (с.а.с.)
адамдарға ғана емес, жындарға да хақ жолды үйретуге
келгені хақ.
22. «Сен олардың арасында болған кезде
Аллаһ оларға азап етпейді» деген аятты
қалай түсінеміз?
Адамзат тарихына қарасақ, қаншама қауым ізгілікке
үндеуші, жақсылықтың жаршысы – пайғамбарларды
көзге ілмей, перғауындай өз нәпсіқұмарлықтарының
кесірінен Құдайдың қаһарына ұшырап, жер бетінен
жойылғанын көреміз, бірақ Мұхаммед Мұстафаның
(с.а.с.) үмбеті үшін мұндай жантүршігерлік азап кел-
ген жоқ. Асылында, пенденің күліп отырып, біліп
отырып жасаған сансыз күнәларының есебіне жете