Previous Page  50 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

50

Біреу жазушы болуды қаласа, ол қолына қалам

алып, кітап оқып, жазу жазып дайындалатыны сөзсіз.

Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) сол заманның ағысымен жүріп

оқу-жазуды білмеген, пайғамбарлыққа дайындық

ретінде үйренбеген де. Әйтпесе, жазу-сызуды үйренуі

де мүмкін еді. Алайда Аллаһ тағала оны пайғамбар

ету арқылы, сол заманның және ақиретке дейінгі

аралықтағы барлық ақын-жазушылар мен білікті

ғалымдардан үстем етті.

20. Исламда оқу-жазуға ерекше мән бере

тұрып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қара

танымауының астарында нендей хикмет

жатыр?

Пайғамбарымыз (с.а.с.) уахи келмей тұрып қырық

жылын меккеліктермен бірге өткізді. Жақындары

оның жастайынан бері тыныс-тіршілігін бес саусақтай

білетін. Тіпті Пайғамбарымыз өзге елдерге жасаған

сапарларына да жалғыз шықпайтын. Егер жалғыз

шыққан болса, дереу ол біреуден сабақ алды, білім

үйренді, сосын пайғамбар болды деп жала жабула-

ры кәдік еді. Онсыз да қызғаныштың қырқасынан аса

алмайтын кейбіреулер Пайғамбарымыздың қара та-

нымайтынын біле тұра, қасақана оқу-жазуға жүйрік

деп көрсетуге тырысты. Қырсықтық пен іштарлыққа

басқан, соқыр сенімнің серкелері «Мұхаммед уахиды

өз ойынан шығарып жүр», – деп Аллаһқа иман етуді ар

санайтындары да кездесті. Бөтеннің қаңсығын таңсық

көретін енді бірі «Мұхаммед Таурат пен Інжілдің сөзін

арабшалап айтып жүр» деп қаралайтын, сондықтан

бұл сылтауларын іске асырмау үшін, барлық нәрсені

алдын-ала білуші Аллаһ тағала пайғамбарлық үшін

оқу-жазу білмейтін Мұхаммедті (с.а.с.) таңдады. Құран