

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
55
алмайсың. Тіпті тұтастай бір қауымды жермен-жек-
сен етуге себеп болған күнәларды қазір бір мезет-
те оп-оңай жасап жатқанын төрт көзіміз түгел көріп
отырғаны ащы шындық. Күнәнің балшығына белу-
ардан батсақ та, ешқандай да азапқа ұшырамауымыз
соңғы Расулдың (с.а.с.) Аллаһ алдындағы дәрежесінен
болар, бәлкім. Сол кездің өзінде де Аллаһ елшісі өзіне
зәбір көрсеткендердің жазалануын қаламады. Тайыф
оқиғасы соның айқын мысалы. Адамзаттың асыл тәжі
дін тарату міндетімен Тайыфқа үлкен үміт арқалап ба-
рып еді. Алайда халқы тағдырдың табақтай тартқан
тартуының парқын пайымдай алмады. Құтты қонаққа
тас атып, қаладан қуып шықты. Қалада болған он күн
ішінде бірнеше адаммен арнайы кездесіп сөйлеспек те
болды. Тайыф халқы сауық-сайраншыл, рақат өмірге
батып, асып-тасқан күпірлікте болатын. Тіпті кейбірі:
– Қайда барсаң онда бар, бірақ біздің елге жола-
ма, – деп дөрекелік көрсетті
51
. Онымен де шектелмей
Пайғамбарға тас лақтырып, Тайыфтан қуып шықты.
Осы кезде тау періштесі Пайғамбарымызбен (с.а.с.)
сәлемдесті де:
– Рұқсат берсең, мына екі тауды Тайыфтың үстіне
тастап жіберейін, – деді. Ардақты елші (с.а.с.):
– Жоқ, бұлар қазір ақиқатты түсінбегенімен,
күндердің күнінде ұрпақтарының ішінен иман еткендер
шығатын болса, онда керек емес, – депжүрек тебіренісін
білдірді. Тау періштесі екі жаһан Сардарының (с.а.с.)
жауабынан соң:
– Шынымен де, сен Раббымыз айтқандай
кешірімді әрі мейірімдісің, – деді
52
. Иә, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) мейірімділік жасау үшін келді, адамзаттың екі
51
Ибн Сағыд, Табақат, 1/211, 212.
52
Халаби, Сира, 2/57, 58.