

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
52
кете алмайды (жүректе жаттаулы сақталады). Сен оны
ұйқылы күйде де, ояу күйде де оқисың», – деген, тағы
бір хадисте: «Егер Құран бір теріде жазулы болғанда,
оны от өртей алмайды, өйткені ол көкіректе жаттау-
лы түрде сақталған. Тілге жеңіл, жүрекке төреші. Үні
мен мағынасы мұғжиза», – делінген, сондықтан бол-
са керек Исламға дейінгі үмбеттер, мұсылмандарды
сипаттағанда: «Олардың кітаптары көкіректерінде»,
– деп жаттанды, ми мен санаға сіңген, жүректен орын
алған Құранның ақиретке дейін сақталатындығын
айтқан
49
.
Үйрену әлдебір нәрсені білуге деген мұқтаждықтан
тумақ. Аллаһ тағаладан тікелей уахи келгендіктен,
Расулаллаһ (с.а.с.) ілімді бөтен кісіден үйренуге мұқтаж
болмады. Әйтпесе, оның қара танымауын ілімге мән
бермеуінен деу ағаттық. Алғашқы аят
«Оқы!» – де
п
басталып, Құранның бірнеше жерінде кітапқа, ондағы
жазылғандарға ант етіліп
«Білімділер мен білімсіздер
тең бе?» – де
ген салыстырулар түсірілді. Ары-беріден
соң, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Бәдір соғысында қолға
түскен тұтқындардың сауаттыларын өздерінің сахаба-
ларына сабақ үйреттіріп, ақысына бостандық бергізді.
«
Білім алу мұсылман әйел мен мұсылман ерге міндет
»,
– деп сахабаларды білімге қызықтырды. Терең үңілсек,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оқу-жазу білмеуі оның
пайғамбарлық ерекшелігі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың хикметімен
үмми болды. Өзге философия немесе мәдениеттен
әсерленбеген, ойы саф еді. Құран таза көңілге уахи
етілді. Расулаллаһтың «Біз үмми үмбетпіз» деген
сөзін де осы жағынан қарастыру керек. Бұл хадис-
шәріп сауатсыздықты насихаттаудан аулақ, керісінше,
49
Ибн Касир, «Анкабут» сүресі, 48-аяттың тәпсірі.