Previous Page  58 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 58 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

58

Хазн (қаттылық) деген атты Сәһл (жеңілдік) деген атқа,

Асия (қарсы шығушы) деген атты Жәмила (сүйкімді)

деген атқа өзгерткен.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жағдайға қарай жұбай-

ларының есімдерін ауыстырған.

24. Үйінде қандай дүниелер ұстаған?

Үйі өте қарапайым еді. Басы артық зат болмайтын.

Қаласа дүрия көрпе жамылып, салтанатты сарайда мей-

манасы тасыған патшадай шалқып өмір сүре алар еді,

бірақ бұл дүниенің рақатын бір сәтке де мақсұт етпеген.

Байлықтың буына балқып өмір сүрем десе, еркінде еді,

бірақ ақирет үшін бұл дүниенің бары не, жоғы не? Бұл

жалғандағы адамзатты «тал түбінде саялап дем алып,

қайта тұрып кетіп қалатын жолаушыға» ұқсатпаушы

ма еді? Өзі ғана емес, отбасы да бұл өмірдің ешбір

қызығына құмартқан емес, айналасындағы сахабала-

ры да бойларына соны сіңірді. Дүние салғанда артында

қалғаны бар-жоғы жатқан төсегі мен көрпе-жастығы,

екі-үш ыдыс-аяғы сынды күнделікті тұрмысқа керекті

заттар ғана еді. Тіпті сол күнделікті тұрмыс заттары

да жетіспейтін. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы затта-

ры Омар ибн Абдулазиздің заманына дейін сақталып

келген екен. Олар осы жәдігерлерге қарап ғибрат ала-

тын. Пайғамбарымыздай (с.а.с.) болуға тырысатын.

Келімді-кетімді кісілерге де «мынау Аллаһ елшісінің

(с.а.с.) тұтынғандары, бар-жоғы осы ғана» деп өнеге

көрсететін.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударғаннан

кейін жеті ай бойы Әбу Әййуб әл-Ансаридің үйінің

астыңғы қабатында уақытша тұрақтаған еді. Кейін

пайғамбар мешіті тұрғызылғаннан кейін, мешіт

ауласындағы кішкентай бөлмелерге орналасты. Мешіт