Previous Page  53 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

53

адасқан пәлсапамен санамызды уламауға бұйырады.

Сахабаларға да сол кездегі Рим мен Парсы мәдениетінің

ықпалы тимеген. Құранды түсіну үшін өзге еңбектердің

көмегіне жүгінуге мұқтаж емес еді. Тарих беттерін

парақтасақ, Исламның жік-жікке бөлініп, адасқан

ағымдардың шығуы Исламға жат мәдениет пен

философияның араласуынан туындады.

21. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) жындардың

да пайғамбары ма?

Аллаһ елшісінің пайғамбарлығы адамзатпен қоса

жындарды да қамтыған. Жаратушы Хақтың бар екеніне

адамдардың бірі сеніп, бірі шүбә келтіргені сияқты

жындардың да мұсылман-кәпірі бар. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) Меккеде жүргенде жындар келіп Құран

тыңдағандары жайлы қасиетті аятта:

«Бір кезде саған

жындардың бір тобын Құран тыңдауға жіберген

едік. Олар сенің алдыңа келгенде біріне-бірі

«үндемеңдер» десті. Құран оқылып біткеннен кейін

олар өз қауымдарына ескертуші ретінде қайтты.

Барып «Уа, жұртым, біз Мұсадан кейін түсірілген

алдыңғы кітаптарды растайтын, ақиқатқа бастай-

тын кітапты (Құранды) тыңдадық. Уа, халайық,

Аллаһтың жаршысын (Мұхаммедті) қабылдаңдар

және Аллаһқа иман келтіріңдер. Аллаһ сендердің

күнәларыңды кешіріп, жан түршігерлік азаптан

құтқарады» де

лінген

50

.

Кейбір деректерде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Құран

тыңдау үшін жындардың бір рет келгендігі айтылса,

енді бір жерде екі рет келгендігі білдірілген. Аллаһ

тағала пайғамбарына жындарды ескертіп, оларға

50

«Ахқаф» сүресі, 29-31.