

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
59
құрылысы басталған алғашқы жылдары мешіт аула-
сында екі бөлмелі үй салынған, кейін Пайғамбарымыз
(с.а.с.) үйленген сайын тағы да бөлмелер қосылып
кеңейтіле берді. Үй ішіне қажетті нәрселердің
болғандығы жайлы түрлі риуаяттарда кездеседі. Аллаһ
елшісі (с.а.с.) мұндай мәселеде өте ұқыпты еді.
Үйін қазіргі тілмен тек лашық деп қана айтуға бо-
латын шығар. Жұбайларының бөлмелері қамыстан
жасалған құрқылтайдың ұясындай шағын-шағын
бөлмелер еді. Арабтар мұны «хұжра» деп атайды.
Кейінгі жылдарда бұл бөлмелер мен араларындағы
қабырғаларды бұзып мешітке қосуға тура келді. Осы
кезде Сайд ибн Мүсайяб: «Шіркін-ай, осы бөлмелер өз
қалпында қала бергенде ғой! Жұрт Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) қалай өмір сүргенін көріп, өздерінде барға шүкір
етіп, тәубелеріне келер еді», – деген екен.
Бір кездері аналарымыз Пайғамбарымыздан (с.а.с.)
дүниелік нәрсе сұрайды. Бір қарағанда бұл тілектері
шариғатқа қайшы емес, бірақ қияметке дейінгі иісі
мұсылман баласына өнеге болар мұқаррабин (Аллаһқа
жақын) жандар үшін бұл дүниенің арбауына түсудің
бірден-бір көрінісі болса керек. Әйелдерінің мұнысына
өкпелегенПайғамбарымыз көпкедейінтілдеспейқояды.
Бұл жағдайдан құлағдар болған хазірет Әбу Бәкір
мен Омар (р. а) дереу мешітке асығады. Алғашында
Пайғамбарымыз екеуін қабылдамады. Омар мен Әбу
Бәкір (р. а) іштен тынып ақырын күтті. Сәлден кейін
ішке кіруге рұқсат алған Әбу Бәкір мен Омар мән-жайды
сұрады. Сондағы бар айтқаны:
«Бұлар менен қолымнан
келмейтін нәрсені сұрайды»
55
. Бұл жайлы естіген Омар
(р.а.) Пайғамбарымыздың әйелдеріне: «Сіздерден
кімде-кім пайғамбарға бұлай қарым-қатынас жасайтын
55
Мүслим, Талақ, 34-35.