Previous Page  64 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

64

(с.а.с.) жетім өссе де осындай көркем мінезді болуы

таң қалдырады. Әрине, Расулды кім осындай көркем

мінезді етіп тәрбиеледі дейтін сұраққа: «

Раббым Мені

Өзі тәрбиеледі және тәрбие болғанда да ең керемет

үлгіде

» деген аят өз жауабын бергендей.

27. Дінімізде мұғжизаға сену қаншалықты

маңызды?

Жұрт пайғамбардан әдеттен тыс, ешкімнің қолынан

келмейтін ісжасаудыталапеткен.Құранбұлкөріністерді

«аят» десе, ол бізге «мұғжиза» деген сөзбен таныс.

«Мұғжиза» сөзінің тілдік мағынасы «шарасыз,

әлсіз қалдыру» дегенге саяды. Ал терминдік мағынасы:

«

Пайғамбар, өзінің пайғамбарлығын жария еткеннен

кейін өзіне сенбегендерге қарсы Аллаһтың қалауымен

көрсеткен әдеттен тыс істері

».

Мұғжиза – табиғат заңдарына бағынбайтын

әдеттен тыс істер. Мысалы Адам (а.с.) топырақтан

жаратылуы, Иса (а.с.) әкесіз жаратылуы, Һауа анамыз

Адамның (а.с.) қабырғасынан жаратылуы, Ибраһим

пайғамбардың отқа жанбауы, т.б. бұлардың барлығы

дүниелік өлшемдерден тыс. Пайғамбарға, Аллаһқа сен-

гендер бұл мұғжизаларына да сенген. Ал пайғамбарға,

Аллаһқа сенбегендер бұл мұғжизаларға да сенбей

сиқырға, көзбояушылыққа теңеген.

Олай болса, мұғжизаға сену мұсылман үшін

міндет, өйткені дінімізде Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

көрсеткен мұғжизалары Құранда және кейбір мута-

уатир

61

жолмен жеткен риуаяттар мен нақты хади-

стерде айтылған. Мұса мен Иса пайғамбардың және

61

Бір оқиғаны шыншыл бірнеше адамның куәлігімен, сандары

азаймастан кейінгі ұрпаққа жеткізіліп отыру жолы.