

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
67
елші Аллаһтың рұқсаты болмайынша бір мұғжиза
келтіре алмайды
»
63
деп бұл мәселені нақтылаған.
2) Әдеттен тыс: Егер әдеттегі нәрсе болса, яғни,
табиғат заңдылықтарына сай келсе, ол мұғжиза бо-
лып саналмайды. Мысалы, менің мұғжизам күннің
шығыстан шығуы десе бұл мұғжиза болып саналмай-
ды, өйткені Күн әдетте шығыстан туады, сондықтан
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Айды екіге жарғаны,
саусақтарынан су аққаны, құрма түбіртегінің жылағаны
секілді әдетте қайталанатын істен бөлек болуы керек.
3) Мұғжиза пайғамбарлықты жариялаған адамда
көрінуі керек. Ол – пайғамбардың Аллаһтың жіберген
елшісі екендігін растайтын айғақ. Қалайша бір адам
бір елдің азаматы екендігін дәлелдеу үшін сол елдің
төлқұжаты болуы керек секілді Пайғамбардың да
пайғамбар екендігін растайтын бір дәлелі – мұғжиза.
Олай болса, мыналар бұл қағидаға кірмейді:
–
Керемет – әулие адамда кездесетін, табиғат
заңдылықтарына бағынбайтын құбылыс. Бұл Алланың
сүйікті құлдарында жиі кездеседі.
–
Иһәнет (қорлау) – жалған пайғамбаршылардың
жалғандығын білдіру үшін Аллаһ оның қалағанының
терісін болдырады. Мысалы, өзін пайғамбармын де-
ген Мүсайламатул-кәззәп: «Менің мұғжизам – мына
ауырған көзіңді емдеу», – деп біреудің көзін емдеу-
ге тырысқанда, оның сау көзі соқыр болып қалады.
Осылайша оның жалған пайғамбар екендігі тағы
әшкереленеді.
–
Истидраж – пасықтың немесе өзін құдаймын
дегеннің қалауының орындалуы. Аллаһ тағала бұл
екеуінің қалауын орындау оларға жақсылық секілді
көрінгенмен мұның ақыр соңы оларды үлкен азапқа
63
«Ғафыр» сүресі, 78.