

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
68
ұшыратады. Бұл жайлы Құранда: ُ
َ سَنَسْتَدْرِجُهُم مِّنْ حَيْث
لاَ يَعْلَمُون
«
Оларға білдірмей біртіндеп зауалға бет
алдырамыз
»
64
деп олардың істерін табысты етіп,
күнәсін арттырып азапқа лайықты етеді. Тіпті олар
біздің қалауымыз орындалып жатыр, біз тура жолдамыз
деп ойлауы да мүмкін, алайда олар зауалға, құрдымға
кетіп бара жатыр.
-
«Мауна» – Аллаһтың жәрдемі: көпшілік
білмейтін қарапайым тақуа адам қиын жағдайға тап
болғанда, Аллаһ тағаланың оған әдеттен тыс күтпеген
бір іспен жәрдем беруі.
4) Пайғамбарлықты жария еткеннен бастап,
Аллаһтың қалауымен мұғжиза көрсетеді. Мысалы,
расулаллаһтың 40 жасынан бұрынғы көрген кереметтері
мұғжиза болып саналмайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
былай дейді: «
Мен пайғамбар болмай тұрып Мекке-
де маған сәлем беретін бір тасты білемін. Ол тасты
қазір де білемін
»
65
. Сондай-ақ түсінде көргендердің
барлығы айна-қатесіз өңінде қайталануы. Бұлардың
барлығы пайғамбарлыққа дейін болғандықтан, бұларды
мұғжиза емес «ирхасат» деп атайды.
5) Өзгелердің шамасы жетпейтін іс болуы керек.
Сиқыр мен көз бояушылықты көптеген адам істей
алғандықтан, бұлар мұғжизаға жатпайды. Бұған мысал,
Мұса (а.с.) пайғамбардың барлық сиқыршыларды өзіне
бағындырып, Аллаһқа иман келтірткені секілді.
Соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) көрсетіп кет-
кен мұғжизалары мен ақирет күніне дейін жалғасатын
Құран мұғжизасы біздер үшін қайталанбас, теңдесі жоқ
ғажайыптар.
64
«Ағраф» сүресі, 182.
65
Мүслим, Нәбәуи шархымен, 15 том, 36 бет, 2277-хадис.