Previous Page  73 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

73

да, стильдік жағынан да мінсіз. Оның үстіне күн са-

нап жаңарып жатқан ғылыми-техникалық прогреске

ешбір жері қайшы келмей, ғылымның жаңа салаларын

толықтыра түскендей. Пайғамбар мұғжизасы екенінің

дәлелі сонда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың ұлы

сөзін айна-қатесіз адамзатқа жеткізді.

Қарапайым ғана зерттеулердің өзі Құранның тіл

мен ойды жеткізу жағынан ешбір кітапқа ұқсамағанын

дәлелдеп беруге жетіп артылады. Құран кітапта бүгінге

дейін жазылған барлық кітаптардың ішінен бірде-бір

ой көшірілмеген. Демек, Құран кісі сөзі емес. Ол өзінің

сарқылмас қазынаға толы мазмұнды мәңгілік мұғжиза

екенін қияметке дейін дәлелдей бермек.

30. Айдың екіге жарылу мұғжизасына

неге бүкіл әлем куә болмаған?

Бір күні Меккенің бетке ұстар тұлғалары Мина

алқабында

жиналып,

сахабаларымен

отырған

Пайғамбарымыздан тағы бір мұғжиза көрсетуін та-

лап етті. Бұл жолы: «Айды екіге бөлсең, айтқандарыңа

иман келтіреміз», – деді. Құрайыштықтардың иманға

бет бұруын шын жүректен қалаған Пайғамбарымыз

(с.а.с.) мүбәрак сұқ саусағымен айды көрсетті де екіге

бөлгендей қимыл жасады. Осы сәтте ай екіге бөлініп,

бір бөлігі Әбу Құбайс тауының басына, екіншісі

Қуайқан деген таудың төбесінде екіге бөлінді. Осыдан

кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) қасындағы адамдарға:

«Куә болыңдар», – деді. Аз уақыттан кейін ай қайта

қалпына келді. Мүшріктердің негізгі мақсаты иман

келтіру болмағандықтан, мына қолайсыз жағдайдан

қалай құтылатындықтарын білмей, біраз әбігерге түсті.

Артынша біреулері: «Мұхаммед сендерді сиқырлады»,

– десе, енді бірі: «Егер Мұхаммед айға сиқыр жасаса,