Previous Page  69 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

69

28. Пайғамбарларға не үшін мұғжиза

берілген?

Аллаһ тағала жер бетіндегі барша құлдарына хақ

елшілерге иман етуді бұйырып, көздерін ақиқатқа

қанықтырса да, пенделер бұған сенбестік танытып,

тіпті қарсыласып баққан, сондықтан Аллаһ тағала

аса таңдаулы құлдарының дұрыстығын растау үшін

пайғамбарлар арқылы мұғжиза көрсетті. Анық түрде

туындаған иләһи іс ақиқаттың жаршыларына қарсы

шығушылардың аузына құмқұюүшін, иман еткендердің

сенімін күшейту үшін берілді.

Сондай-ақ халық еш күмәнсіз пайғамбарға ила-

ну үшін, пайғамбарға мұғжиза сол қауымның жоғары

дәрежеде игерді деген салада көрсетілді. Егер

халықтың хабары жоқ, заманның талабы емес бір сала-

да пайғамбар мұғжиза көрсеткенде, халық күмәнданып

«мүмкін біз бұл саланы жақсы білмегендіктен шығар»

деп пайғамбардың ісіне сенбей жүре берер еді,

сондықтан Аллаһ тағала пайғамбарын өз қауымының

дамыған саласында жіберіп отырған. Мысалы, хазірет

Мұсаның (а.с.) тұсында сиқыр көрсету кеңінен етек

алған еді. Елді тура жолға бастауға келген Мұсаның

(а.с.) көрсеткен мұғжизасына «мен деген» небір

сиқыршылар таңдай қағып, көз жұмып тамашала-

ды. Бұл керемет адам қолынан келетін іс емес деп

соңында бәрі бірдей сәждеге бас қойды. Одан кейін

пәлсапада ілгерілеушілік байқалып, барлық нәрсенің

сыртқы себептері қызу талқыға түсті. Сол заманға сай

Исрайылұлдарына келген елшілердің мұғжизалары

көбіне себеп-салдар заңдылығының бет-пердесін ашуға

бағытталды, өйткені жұртшылық әлемді басқарушы

Аллаһ емес, себептердің ықпалы күшті деп жаңсақ

түсіне бастаған еді. Хазірет Сүлеймен (а.с.) құмырсқа