Previous Page  65 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

65

Ибраһим пайғамбардың көрсеткен мұғжизалары,

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көрсеткен мұғжизасы

Құран аятымен бізге жеткен. Сондай-ақ осы күнге

дейін келіп кеткен сан мыңдаған әулиелер мен ғалым-

ғұламалардың барлығы мұғжизаларға аяндай сенген,

сондықтан бұл мұғжизаларға сенбеу Құран аятына

сенбеу, Пайғамбарымыздың айтқанына сенбеу және

осы мұғжизаға сенген барша әулиелер мен ізгі адам-

дарды ақымаққа теңеу. Мысалы, біреу ай екіге жарыл-

мады десе, біріншіден, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ісін

жоққа шығарған болады, екіншіден, Аллаһ тағаланың

құдіретіне күмәнмен қараумен тең және осыған сенген

адамдардың сенімін жоққа шығарған болады.

Негізінде, қазірдің өзінде мұғжиза болмаса да таң

қаларлық істер болып та жатыр. Мысалы, адамның

шиша немесе шеге үстіне жатуы, шоққа күймеуі, темірді

денесінің бір жеріне кіргізсе де қан ақпауы т.б. түрлі

жағдайлар кездесуде. Бұларды көре тұра сенбеуіміз

мүмкін емес. Алайда бұлар мұғжиза емес, өйткені бұл

істі басқа біреу де істей алады. Заманымыздағы бірнеше

тонна ұшақтың аспанда ұшуы, бір сәтте мыңдаған

шақырым ұзақтағы адаммен көрісіп, онымен сөйлесу

секілді істер себеп-салдар нәтижесінде болса да бізден

бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген адамдар үшін ертегі

болып саналған еді. Алайда бұлардың барлығы бо-

лып жатыр, бірақ біздің көзіміз үйреніп, оны табиғи

заңдылық ретінде қабылдап кеткенбіз. Ойланған адамға

Аллаһтың құдіретімен болып жатқан қазіргі таңдағы

істердің өзі де мұғжиза іспеттес. Мысалы, жұлдыздар

бір мұғжиза, жердің тартылыс күші бір мұғжиза,

адамның рухы бір мұғжиза, адамның бойындағы қан

тамырларының айналым жүйесі бір мұғжиза. Тіпті

Адам (а.с.) пайғамбардың жаратылуы секілді біздің жа-