Previous Page  61 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

61

Пайғамбарлықтың бір дәлелі – айтқанын

өзі де өмірінде іске асыруы. Осы жауапкершілік

Расулаллаһтың (с.а.с.) мойнын дүниеге бұрғызбады.

Өзі дүние жинап, бақуатты өмір сүріп, артынан дүниені

Аллаһ үшін, ақирет үшін жұмсау керек десе, көпшілік

қауым дүдәмал күйде қалары анық.

Бусари: «Аштығы сезілмесін деп беліне тас байлап

жүретін. Дүние оған бірнеше рет келіп өзін қабылдата

алмай-ақ кетті. Ол тұрмыс тауқыметін тартқан сайын

тақуалығы көз жетпес биікке көтеріле берді», – деген.

Қандай жағдайда жүрсе де азға қанағат етіп,

шүкір етіп, тақуалықпен өмір сүруді барша үмбетіне

үлгі етіп кетті. Дүниеге адам баласы еш уақытта

тоймайтындығын хадистерінде жиі айтты. Артынан ер-

ген Әбу Бәкір (р.а.) де Аллаһ елшісін (с.а.с.) осы жолда

үлгі етті. Әбу Бәкір халифа болған кезінде отбасының

нәпақасын өз еңбегімен тауып отыратын. Халифалық

жұмысына байланысты айлық беріле бастады, алайда

осы айлығын өзіне көп көрді. Ол Мәдинаның ең кедей

адамының күн көрісін өзіне өлшем етіп алды, сондықтан

артылған ақшаны бір құмыраға салып жинай берді,

жинай берді. Екі жарым жылдық халифалық кезінде

жалақысын осылай үзбей жинап отырды. Қайтыс болар

алдында

«Өзімнен кейін келетін халифаға беріңдер»,

– де

п құмыраны табыстап кетті. Омар (р.а.) халифа

болып, осы құмыраны сындырғанда, ішінен теңгелер

және хат шықты. Хатта:

«Мына ақшалар маған берілген

айлықтан артылып қалғандар. Мен Мәдинаның ең

кедейін өзіме өлшем етіп, артылған ақшаларды осы

құмыраға салып отырдым, сондықтан бұлар қазынаға

тиесілі», – деп жазып кеткен екен

57

. Омар бұл хатты

оқып көзіне жас алды.

57

Әбу Нуайм, Хилия 1/30