

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
62
26. Жетім өсуінің сыры неде?
Расулаллаһ (с.а.у.) ана құрсағында жатып әкесінен,
бес-алты жасқа жеткенде анасынан айырылды. Жастай-
ынан әке тәрбиесінен ұзақ және ана сүйіспеншілігін
көрмей өтті. Бұл әрине кездейсоқтық емес, мұнда
Аллаһтың хикметтері бар.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әке-анасының неме-
се атасының ерте қайтыс болуының сырына үңілсек,
мұнда әкесі не атасы білім берді, жол көрсетті, бағыт
сілтеді деген қауесеттің айтылмауында жатыр, өйткені
Пайғамбарымыздың атасы үлкен қауымның басшы-
сы еді, қажылыққа келген қонақтарды күту, оларға
халықтан азық жинап қажылық маусымы бойын-
ша азықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыратын,
сондықтан бұлай ойлау имандылардың ойына кел-
месе де дұшпандарының ойына келері нақты. Алай-
да Аллаһтың хикметі дұшпандарының осындай ойда
болуына жол бермей, оны Аллаһтың өзі әке-шешесіз
тәрбиеледі. Сондай-ақ атасының ерте қайтыс болуы,
һижреттен үш жыл бұрын Әбу Талиптің Исламды
қабылдамауы, бұлар да Пайғамбарымыздың Аллаһтан
басқа ешбір тәрбиешісінің болмағанын көрсетеді.
Тіпті жастық шағының бір бөлігін өзінің туыстарынан
ұзақ, Сағд ұлдарының ауылында өткізді. Олай болса,
Пайғамбарымызды біреу оқытты деген сылтау айтуға
ешқандай себеп қалмады.
Аллаһ тағала оны әке қамқорлығы мен рақат
өмір сүруге жетелейтін себептерден алыс өсірді.
Мансап, атақ-абырой, байлық секілді дүниенің
тартымдылығынан аулақ өсті. Егер бұлай болмаса
қасиетті пайғамбарлық міндетінің дәрежесі түсер еді.