

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
70
мен құс сияқты мақұлықтардың тілін ұғып, жындарды
әміріне бағындырды. Бұл өз кезегінде «Барлық нәрсе
себептер арқылы пайда болған» деген соқыр түсініктің
түбіне балта шауып, құдіретті Аллаһтың қалауы
кез келген нәрсеге жететінін көрсетті. Одан кейін
гректер заманында медицина мен пәлсапа кең өріс
жайғандықтан, себепке бағыну ұғымы күшейді. Хазірет
Иса (а.с.) мұғжизасы да осы түсінікті күйретті. Оның
шыр етіп дүниеге келуінің өзі бұл ұғымның қате екенін
дәлелдеп берді. Адам баласы әдетте әке мен шешеден
өрбитіні бесенеден белгілі, алайда Исаның (а.с.) әкесіз
туылуының өзі үлкен бір мұғжиза. Бесікте жатқанда-ақ
сөйлегені осының заңды жалғасы іспеттес. Одан кейін
араб қоғамында сөз өнері ерекше бағаланатын заман
туды. Ол кезеңде араб әдебиеті, шешендік өнер өзінің
гүлденген алтын дәуірінде еді. Қағбаға «үздік жеті
өлең» ілінетін. Ақырзаман пайғамбарының (с.а.с.) за-
манына сай ең үлкен мұғжизасы Құран кітабымыз орақ
тілді, от ауызды небір ақын-жыраулардың аузына құм
құйды. Барлық жаратылыс біріксе де Ұлы кітаптың
бір аятына да тең келер сөз құрай алмады. Сонымен
қатар, Мұхаммед пайғамбардың мұғжизасы, ақиретке
дейін жалғасатын мәңгілік мұғжиза болып түсті. Ал
алдыңғы пайғамбарлардың көрсеткен мұғжизалары сол
уақытпен ғана шектелді.
29. «Құран кәрім Мұхаммедтің (с.а.с.)
пайғамбарлығына дәлел» дегенді қалай
түсінуге болады?
Аллаһтың қалауынсыз ешбір мұғжиза жүзеге аспай-
ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сүннеті мен үмбеті қияметке
дейін жалғасатын ақырғы пайғамбар болғандықтан,
оған уахи етілген қасиетті Құран мәңгілік мұғжиза,