

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
77
б) Тәблиғ (ақиқатты жеткізу)
Тағы бір қасиеті – тәблиғ міндеті, яғни дінді
түсіндіру. Аллаһ елшісінің тәблиғ жасауы қарапайым
адамның өз мақсатына жету жолындағы әрекеттеріне
мүлде ұқсамайтынын атап өткен жөн
.
Бұл жайлы Пайғамбарымызға Құранда былай дейді:
«Ей, Расул! Раббыңнан саған түскендерді халыққа
жеткіз. Егер іске асырмасаң, онда жүктелген елшілік
міндетіңді дұрыс орындамаған боласың. Аллаһ сені
адамдардан сақтайды. Күдіксіз, Аллаһ кәпірлерді
мақсат-мұратына жеткізбейді»
69
.
Яғни, дінді жеткізу жолында жіберген әр кемшілігің
– пайғамбарлық міндетіңді орындау барысындағы
кемшілік. Бұл сенің жеке өміріңе ғана емес, сонымен
қатар, барша адамдардың жеке әрі қоғамдық өміріне
зиянын тигізеді. Сенің міндетің – күллі адамзатты
жарыққа жетелеп, нұрға бөлеу. Егер орындай алмасаң,
онда барлық адамдар қараңғылықтан көз ашпайды.
в) Фәтанат (зеректік)
Пайғамбарымызды адамзаттан оқ бойы озық еткен
қасиеттерінің бірі – оның фәтанаты. «Фәтанат» сөзі
біздің түсінігімізде «даналық, парасаттылық, зеректік,
көрегендік» деген мағынаға саяды. Егер оның мұндай
қабілеті болмағанда, халықтың ғасырлар бойы қанына
сіңіп қалған әдеттерін жойып, елдің ділін өзгерте алмас
еді.
Фәтанат жағынан да оның деңгейіне ешкім жете ал-
майды. Пұтқа табынушыларды тура жолға шақырғанда:
«Мына тастан, ағаштан, топырақтан қандай үміт
күтесіңдер?» –
деп алдымен адамға ой салып, содан
кейін, Аллаһты түсіндіру, мұғжиза көрсету арқылы
69
«Мәида» сүресі, 67.