Previous Page  51 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

51

кәрімде бұл мәселе:

«Сен Құраннан бұрын ешқандай

кітап та оқымаған едің, жазу да жазбағансың. Олай

болмағанда адасып жүргендер күмәнданар еді»

48

деп

баяндайды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмми (қара танымаған)

еді. Аллаһ тағала хикметпен оқу-жазуды білмейтін

пайғамбар жіберді.

Расулаллаһтың (с.а.с.) өмір сүрген заманы мен ор-

тасында медресе де, кітап та болмаған. Бұл діннің көне

мәдениетке негізделіп құрылуы мүмкін бе? Әрине, жоқ.

Онсыз да Меккеде қара танитындардың саны саусақпен

санарлық қана еді. Ал егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұстаз

алдын көрсе, мұндай мағлұмат бізге міндетті түрде же-

тер еді.

Сахабалардың Аллаһ елшісіне (с.а.с.) де-

ген махаббатының көрінісін пайғамбарлар тари-

хы жайындағы кітаптардан кездестіреміз. Кішігірім

естеліктердің өзі үлкен мұқияттылықтың нәтижесінде

арада қаншама ғасырлар өтсе де, ұрпақтан ұрпаққа

жетіп отырған. Ал егер расулаллаһтың (с.а.с.) өз

қолымен жазған кез келген хаты болғанда, оның бізге

жетпей қалуы мүмкін емес еді. Оның жалғыз ұстазы

Аллаһ тағала екені аян.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың хикметімен

үмми болды. Құранды Жәбірейіл періштеден ауызша

қабылдап, сахабаларға да ауызша жеткізіп отырды.

Маңыздысы, Құран аяттарының жатталып, көкірекке

салынып, санамызға сіңуінде болмақ.

СағдибнХимардыңжеткізгенбір риуаятындаАллаһ

тағала Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Шындығында, мен

сені сынаймын, (басқаларды да) сенімен сынаққа сала-

мын. Саған сондай кітап түсіремін, оны су да шайып

48

«Анкабут», 48.