Previous Page  46 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

46

Алайда мұндай сүйіспеншілікке жету үшін Аллаһтың

адам баласына берген сансыз нығметтерін ойлауы,

бұл әлемді адам баласы үшін мекен етіп жаратқанын

ұғынуы, жер бетіндегі жаратылыстарды адам баласы-

на қызмет еттірген Аллаһ екенін жиі еске алуы керек.

Сонда ғана Аллаһ тағала пендесінің жүрегін, өзіне де-

ген махабаттпен, сүйіспеншілігіне бөлейді. Сонда ғана

өзінің қоғаммен бірге жүріп маңызды деп санаған фәни

дүниелік мақсаттары, мәнсіз саналып, Аллаһтың хик-

метке толы әмірлері маңызды бола бастайды. Дін жо-

лында жүріп көрген қиындықтары, біреулердің келеке

етуі, қарсы сөз айтып, дінді таратуға бөгет болғысы

келгендердің істері шыбын шаққан құрлы әсер етпейді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хира үңгірінде Аллаһтың

сансыз нығметтерін көп ойлап, рухани кемелдікке

жетті, соның арқасында Мекке мүшріктерінің

зорлық-зомбылықтарына сабырлық танытып, оларға

қарғыс айтпады. Аллаһты барлығынан артық жақсы

көргендіктен, ол жолда көрген қиыншылықты себеп

қылып Аллаһқа шағымданбады.

3) Жанталасқан дүниенің күйбең тіршілігінен, көз

тартатын қызықтарынан бір сәт жеке қалып ойланбай-

ынша, адам өзінің бойындағы тәкаппарлық, кекшілдік,

рия, дүниеқоңыздық, нәпсіқұмарлық секілді сипаттарын

көре алмайды. Міне, осы рухани кеселдерден құтылу

үшін пенде бір мезгіл жалғыз қалып, сәті келгенде жан-

дүниесін таразылап, өз бойындағы жаман мінездерден

арылдыратын белгілі күндері болғаны абзал. Алай-

да Ислам келмей тұрып Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

үңгірде жеке қалғаны секілді қарапайым адамның тау

жағалап, елден жырақ кетуі, халықтан безінуі дұрыс

емес. Басты мақсат ел ішінде жүріп-ақ халімізді түзету,

рухани кемелдікке жету, ішкі жан-дүниемізді дұрыстау.