Previous Page  42 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

42

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл ұсынысты қабыл алып,

солай жазғызды. Сосын Хазірет Алиге:

«Бұл Аллаһтың елшісі Мұхаммедтен...» – дегенде

Суһайл тағы да наразылық білдіріп:

«Біз сенің пайғамбар екендігіңе сенсек, Мекке-

ге кіруіңе тыйым салмаған болар едік, сондықтан

«Аллаһтың елшісі» деп жазуға қарсымын», – деді.

Бұған да келіскен Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Али!

«Аллаһтың елшісі» дегенді өшір, Абдуллаһтың ұлы

Мұхаммед деп жаз», – деді. Хазірет Али: «Уаллаһи,

мен «Аллаһтың елшісі» сипатын ешқашан өз қолыммен

өшіре алмаймын», – деп жауап берді. Мұсылмандар да

оны қоштап:

«Біз «Мұхаммед – Аллаһтың елшісі» деп жазды-

рамыз. Дінімізді менсінбеушілік қой бұл, бұғып қала

алмаспыз», – деп дабырласып кетті. Расулаллаһ оларға

«үндемеңдер» деп мүбәрак қолымен ишара берді де:

«Қане, қай жерде Расулаллаһ жазуы?» – деп сұрады.

Қағазға төнген күйі өз қолымен оны өшіріп, орнына

«Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед», – деп жаздырды.

Міне, мұсылмандарды қас жауындай көрген

Суһайл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһтың елшісі

екендігін мойындағысы келмейтін, оны танымай-

тын болғандықтан дінімізге, Пайғамбарымызға ша-

масы жеткенше қарсы шықты. Суһайл істеген ісіне

мақтанып, тәкаппарланып Меккеге оралды. Арада үш

жыл өтер-өтпес Мекке азат етілді. Аллаһ елшісі (с.а.с.)

соңғы қажылығын жасау үшін Меккеде еді. Ихрам-

нан шығу үшін шаш алдырып жатқан болатын. Сол

сәтте Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жанына біреу жасыры-

нып келіп, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) түскен мүбәрак

шаштары мен сақалын жинап, бір шетке шығып,

алған сақал мен шаштарын жүзіне басып жылап оты-