

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
37
бастаған кезде Хадиша анамыз соған барып, болған
оқиғаның мән-жайынан құлағдар етеді. Сонда Уарақа:
«Мұхаммед – жөні түзу адам. Барлық пайғамбарлардың
басынан осындай жағдайлар өткен. Көзіне көрінген
періште Намус әкбәр (Жәбірейіл періште), ол өз зама-
нындаМұса менИсаға да келген. Жуық арадаМұхаммед
пайғамбарлығын жариялайды. Егер сол күнге жете ал-
сам, айтқанына міндетті түрде иман етер едім», – деп,
Аллаһтан түскен Тауратты оқып, ондағы соңғы елшінің
сипаттарын білген Уарақа, оның (с.а.с.) күтілген соңғы
пайғамбар екендігін мойындаған
35
.
Оны күтіп, келетінін сүйіншілегендердің қарасы
бір-екі кісімен шектелмейді. Зәйд ибн Амр да ақырғы
елшіні зарығып күтіп, сипатын көпшілікке айтудан
шаршамаған, ақиқатқа шөлдеген мүмин жанның бірі
еді. Ол жаннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі
Саид ибн Зәйдтің әкесі әрі хазірет Омардың ағасы болып
келеді. Бұрындары пұтқа сиынатын парықсыздардан
бойын аулақ салып, мелшиіп үнсіз тұратын мүсіндерден
келіп-кетер пайданың жоқтығын терең ұғынып, Ха-
ниф дінін жанына медет қылып жүретін. Оның мына
бір сөзі көре тұра иман етпегендерге таптырмас сабақ
секілді: «Жаңа дін келіп күллі адамзатқа нұр шашқалы
тұр. Шығуына тым жақын қалды. Сол күнге жете алар
ма екенмін?»
Сахабаның бірі Амир ибн Рәбия мынадай деректі
алға тартады: «Зәйд ибн Амр: «Мен хазірет Ибраһимнің
ұрпағы, Әбдімүттәлибтің тұқымынан бір пайғамбар
күтемін. Оған ғұмырым жете алмас, бірақ дәріптеген
дініне иман етіп, хақ пайғамбар екенін мойындай-
мын. Егер өмірің жетер болса, оған сәлем айт! Сипат-
тарын айтайын, есіңде ұста!» – деп, баяндай бастады.
35
Бұхари, Бәдиул-уахи, 3.