Previous Page  39 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

39

жай түскендей әсер етті. Яһудилердің қызғаныштары

өршіп, Аллаһтан келген Елшіні (с.а.с.) мойындамауға

дейін барды. Тәкаппарланып, өздерінің ерекше қауым

екендіктерін алға тартып, басқаларды төмен санады.

Алайда олар араб пен яһудилердің арғы аталары

бір екенін ескермеді, өйткені Ибраһим пайғамбардың

Исхақ және Исмайыл есімді екі ұлы болған. Исхақтың

баласы Яқуптан яһудилер (еврейлер) тарайды, осы тек-

тен көптеген пайғамбарлар келіп отырды. Ал Исмайыл-

дан арабтар тарайды, бұл тектен соңғы елші Мұхаммед

пайғамбарымыз ғана келді. Көзсіз қызғаныштан

яһудилердің: «Мұхаммед (с.а.с.) араб, біз яһудиміз,

пайғамбар яһудилерден келуі керек еді», – деп Аллаһ

елшісін (с.а.с.) мойындамауы нағыз надандық еді.

Айналып келгенде, Ібілістің Аллаһтың құзырынан

қуылуынасепболғантәкаппарлықяһудиқауымындаада-

стырды. Бұған мысал, яһуди білгірі Абдуллаһ ибн Сәлам

Исламды қабылдағаннан кейін, Пайғамбарымызбен

(с.а.с.) ақылдасып яһудилерді сынамақ болды. Екі

жаһан сардары оларды үйіне жинап, әдейі хазірет

Абдуллаһ жайлы пікірлерін сұрады. Олар салған жер-

ден Абдуллаһтың да, әкесінің де араларындағы ең

білімді кісілер екенін айтып мақтады. «Егер Абдуллаһ

мұсылман болса, сендер де иманға келесіңдер ме?»–

деп сұрағанда, яһудилер оның мүмкін еместігін

ойлағандықтан «Иә» деп жауап береді. Абдуллаһ

жасырынып тұрған жерінен шығып, Мұхаммедтің

(с.а.с.) Таурат пен Інжілде жазылған соңғы елші екенін

қабылдағанын айтады, бірақ яһудилер табан астында

сөздерінен тайқып кетті. Алдында ғана мақтан тұтып,

халқының қалаулысы, елінің елеулісі екенін айтқандар

енді әкесін де, өзін де жамандап шыға келді

37

. Абдуллаһ

37

Сира, 2:164.