Previous Page  44 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

44

Пайғамбарымызды (с.а.с.) таныды, оның әрбір сөзіне

амал етуді өзіне міндет санады, өзіне үлгі тұтты. Таны-

май дұшпан болып жүріп, танығаннан кейін ең сүйікті

адамына айналды.

Осы Суһайл секілді Халид ибн Уәлид, Омар ибн

Хаттаб, Әбу Суфиян, Амр ибн Ас секілді талайла-

ры алғашқыда Пайғамбарымызға қарсы шығып, тіпті

өлтірмекші де болған. Алайда жаманнан жақсыны

шығаратын Аллаһ тағала барлығын мұсылман қылды,

тіпті кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтаймұсылмандардың

алдыңғы қатарынан етті.

18. Пайғамбарлық келмей тұрып Хира

үңгірінде қалай ғибадат етуші еді?

Сол заманда Мекке халқының арасында ханиф

дінін40 ұстанып өмір сүргендердің болғаны белгілі.

Құрайыштықтардың басым бөлігі пұтқа табынғанымен,

ат төбеліндей ғана адам күпірліктен бойларын аулақ

ұстап, хазірет Ибраһимнен (а.с.) қалған таза дінді

ұстанып, бір Аллаһқа сенді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сол

ханиф кісілермен бір қалада тұрды және әуел бастан

пұттарды тақамайтын. Кей уақыттарда Нұр тауының

Қағбаға қарайтын беткейінде орналасқан Хира

үңгірінде оңаша қалып ғибадат еткенді дұрыс көрді41.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл үңгірде он күн, кейде бір42

айға жуық уақыт қалып құлшылық етті. Азық-түлігі

40

(Монотеизм), бір Аллаһқа сену.

41

Бұхариде келген бір хадисте былай делінген: «Оған жеке

қалу сүйдірілді, ол Хира үңгірінде (Ибраһим пайғамбардың

ханиф діні бойынша) құлшылық ететін».

42

Кейбір деректерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Хира

үңгірінде түнеген күндері жылдың ораза айына сай келгендігі

айтылады.