

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
43
ра кетті. Әнас ибн Мәлик: «Бұл кісінің кім екендігін
білгім келіп, сұрастырдым. Соңында оның Худай-
бияда Пайғамбарымызға (с.а.с.) дұшпандай қарсы
сөйлеген Суһайл ибн Амр екендігін білдім. Кеше ғана
Аллаһ елшісіне қарсы шығып, соғысуға әрекет жасап
жүрген Суһайл, енді, міне, оның шашын құрметтеп
жылап отырғанын көріп қайран қалдым», – дейді. Ара-
да көп уақыт өтпей-ақ Аллаһ елшісін (с.а.с.) таныды,
таңданды, мұсылман болды.
Сайд ибн Муслим былай дейді: «Мекке азат
етілгенде құрайыштықтардың ішіндегі Ислам-
ды қабылдаған және ең кеш мұсылман болғанына
қарамастан, ең алғашқылардан намазымен, оразасы-
мен, берген садақасымен, ақиретке дайындығымен
озған Суһайл ибн Амрдай ешкім болған емес. Ол
Құран оқығанда мағынасының тереңіне бойлап жылап
оқитын», – деп таңданады.
Аллаһ елшісі қайтыс болғаннан кейін де ол Ис-
лам жолында барын салып, дінді таратуға кірісті.
Бір сөзінде: «
Ей, құрайыш халқы, ең соңғы болып
Ислам дінін қабылдап, ең алғашқы Ислам дінінен
шыққандардан болмаңдар. Аллаһтың атымен ант
етейін, бұл дін Ай мен Күн шығып, батқан барлық жер-
ге жетеді
», – деген болатын. Ол өзінің туған елін қатты
жақсы көретін. Мұсылмандармен бірге Сирияны азат
еткеннен кейін сол жерде, өз отанынан жырақ қалуды
ұйғарды. Мұның себебін былай түсіндіреді: «Аллаһ
елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: «
Қандай да бір
мұсылманның Аллаһ жолында бір сағат тұруы, өмір
бойы амал етуінен қайырлы
». Мен ақырғы сәтіме дейін
Аллаһ разылығы үшін шекараларда тұрамын, Мекке-
ге қайтпаймын». Осылайша қалған өмірін дін жолына
арнады, еліне оралмады. Суһайл білу жолында жүріп