

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
38
«Ұзын да емес, қысқа да емес, орта бойлы. Толқын
шашы қатты бұйра да емес. Есімі – Ахмед, Меккеде
дүние есігін ашады. Пайғамбарлық міндет осы аймақта
жүктеледі. Қауымы ескі сенімдерінен бас тартқысы
келмегендіктен, оны Меккеден қуып шығады. Ол Яс-
рибке (Мәдинаға) қоныс аударып, дінін сол жерден жа-
яды. Осы жасыма келгенше шартарапты шарлап жүріп
хазірет Ибраһимнің дінін іздедім. Сол жолда небір
яһуди ғалымдарымен, христиан оқымыстыларымен
кездестім. Барлығы маған бір ауыздан «Сенің іздегенің
кейінірек келеді. Ол ақырғы пайғамбар. Одан кейін
пайғамбар келмейді», – дегенді айтты».
16. Аллаһ елшісін (с.а.с.) көре тұра кітап
иелері неліктен иман етпеді?
Қияметке дейін адамзат баласына ұстаздық
қылатын ақиық Елшінің (с.а.с.) өнегелі ғұмырын
танып-біле тұра, «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір
жақ» дегендей, кейбір топтың иман етпеулерінің сыры
тәкаппарлық пен қызғанышта, бәсекелестікте жатыр.
Сөз түйінін осыған тоқтатқан Құранда: «Аллаһ та-
рапынан өздеріндегі Тауратты растаушы кітап (Құран)
түскенде, алдында ғана күпірлікке қарсы тұруға көмек
сұрағаноларенді келіпҚұранғақарсышықты.Аллаһтың
лағынеті қарсы шығушыларға тисін»
36
делінген.
Соңғы Пайғамбардың (с.а.с.) яһуди ұлтынан
шықпауы қызғаныштың отына май құйды, өйткені біз
білетін пайғамбарлардың көпшілігі яһуди қауымынан
шыққан. Соны желеу етіп соңғы елшінің де өз
қауымдарынан шығатынына құлай сенді. Мұхаммед
пайғамбар (с.а.с.) арабтардан шыққанда төбелеріне
36
«Бақара», 89.