Previous Page  34 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

34

Ибраһим (а.с.) Ажар мен Исмайылды Хижаздың

шөл даласына тастап кеткен болатын. Аллаһ тағала

оларға шөлден су шығарып, зәмзәм бұлағымен су-

сындандырды. Исмайыл ер жеткен соң әкесі Ибраһим

келіп қасиетті Қағбаны тұрғызады. Міне, сол жер

Мекке, кей деректерде Бекке аталып, Қағба қажылар

тауап ететін қасиетті орынға айналды. Исмайылдың

ұрпағы өсіп-өне берді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұлы

міндетпен келуі – періштенің Ажарға берген уәдесінің

орындалғаны. Ислам діні күн өткен сайын жайылып,

замана ағысымен жаңара берді. Аллаһтың Тауратта

айтқан ақиқаты жүзеге асты. Қазір де жыл өткен сайын

мұсылман үмбетінің саны көбеюде.

ә. «

Аллаһ адамзатқа Синада жақындады, Саир-

де байқалды, Фаран тауларында көрінді»

(«Тәсния»,

33/2). Бұның түсініктемесі мынадай: Жаратушы Иенің

Синада жақындауы – Сина тауында Мұса пайғамбарға

(а.с.) Таураттың түскені, Саирде байқалғаны – Исаға

(а.с.) Інжілді бергені. Фаран тауларында көрінуі –

расулаллаһқа Құранды уахи етуі. Фаран – Мекке

маңындағы таулардың көне замандағы атауы. Аллаһ

елшісі (с.а.с.) пайғамбарлығынан бұрын Хира үңгіріне

жиі баратын. Міне, сол күндердің бірінде алғаш рет

уахи түсті. Таурат осы ақиқатты тайға таңба басқандай

етіп көрсеткен. Ал Жохан Інжілі өз кезегінде хазірет

Исаның (а.с.) хауарилеріне былай дегенін айтады:

«

Егер маған деген көңілдерің шынайы болса, сөзімді

жерге тастамаңдар. Раббым сендерге ақиқат рухы

Фарақлитты жібереді. Ол үлкен рух иесі, сендермен

бірге болады. Раббым оны менің есімімменжібереді. Ол

сендерге бәрін де үйретеді, айтқанымды қайталайды.

Келгенде бірден иман етсін деп қазір әдейі айтып

отырмын. Жандарыңда көп бола алмаспын, өйткені