

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
30
түсірілген Аллаһ тағаланың баға жетпес құнды сыйы.
Адамдардың екі дүниеде де бақытқа кенелуін мақсат
тұтқан бұл кітап сол аймақтың, болмаса сол дәуірдің
адамдарына ғана емес, барша адамзатқа арналған. Со-
нымен сәйкес оны бізге үйреткен Пайғамбар (с.а.с.) да
барша адамзаттың ұстазы. Бұл жайлы Құранда:
«Бы-
лай де: «Уа, адамдар, мен сендердің барлығыңа
Аллаһтан жіберілген пайғамбармын»
29
деп, барша
адамзатқа елші ретінде жіберілгендігін айтқан. Оның
аты аталған Құранның бірнеше жерінде
адамзат,
әлем, бүкіл адам баласы
деген сөздер қоса айтыла-
ды
30
. Бір хадисінде өзінің тек қана белгілі бір қауымға
емес, барша адам баласына пайғамбар екенін айтады:
«Маған бұрынғы пайғамбарларға берілмеген бес нәрсе
берілді. Мен жорыққа шығарда Аллаһ тағала айшылық
алыс жердегі жауларымның жүрегіне қорқыныш
ұялатады. Бүкіл жер беті үмбетіме мешіт болды.
Намаз уақыты қай жерде кірсе, сол жерде үмбетім
намаз оқи береді. Ғанимет (олжа) адал етілді. Маған
дейінгі пайғамбарлар тек өз қауымдарына ғана келген.
Мен барша адамзатқа жіберілдім. Маған ақиретте
шапағат ету құқы берілді»
31
. Тағы бір сөзінде
адамзаттың асыл тәжі (с.а.с.): «
Шыбын жанымды
құдіретті уысында ұстаған Аллаһ атымен ант етейін,
мейлі яһуди, мейлі христиан болсын менің үндеуімді
естіп, айтқаныма иман етпей өлсе, тозаққа барады
»
32
29
«Ағраф», 158.
30
«Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік» («Әнбия»,
107), «Сені бүкіл адам баласына сүйіншілеуші әрі ескертуші
етіп жібердік. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді»
(«Сәба», 28).
31
Бұхари, Тәяммүм 1, Намаз 56; Мүслим, Мәсажид 3; Нәсаи,
Ғұсыл 26; Даими, Сиәр 28, Намаз 111
32
Мүслим, Иман 240.