

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
26
кішкентай Мұхаммедтің түрі бозарып кетіпті. Хали-
ма мен Харистің жүрегі аузына тығылып, не болғанын
сұрады:
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
–
Ақ киімді екі кісі келді. Бірінің қолында іші
қарға толы алтын ыдыс бар екен. Сосын мені жерге
жатқызды. Көкірегімді ашып, жүрегімді шығарып,
екіге бөлді. Ішінен қара бір нәрсені алып тастады.
Жүрегім тап-таза болғанға дейін ішін мұзды сумен
жуды. Сосын бірі екіншісіне: «Мынаны үмбетінен он
адаммен таразыға тарт», – деді. Он адаммен мені
таразыға тартты, мен ауыр бастым. Сосын: «Оны
үмбетінен жүз адаммен тарт», – деді. Жүз адаммен
тартқанда тағы да мен ауыр бастым. «Оны үмбетінен
мың адаммен тарт», – деді. Тағы да мен ауыр бастым.
Мұны көрген әлгі кісі: «Оны еркіне жібер! Аллаһқа ант
етемін, барлық үмбетімен тартсаң да, ол бәрінен ба-
сым түседі
», – дегенді айтты»
26
.
Тағы бір риуаятта Әнас ибн Мәлик былай дейді:
«
Расулаллаһ бала кезінде ойнап жүргенде Жәбірейіл
келіп, оны ұстап жерге жатқызды да, кеудесін жа-
рып, жүрегінен ұйыған қан алды. Сосын Пайғамбарға
(с.а.с.): «Шайтанның сендегі нәсібі, міне, мынау», –
дейді. Іле жүрегін алтын ыдыстың ішіндегі зәмзәм
суымен жуып, қайта орнына қойды. Жанындағы
балалар «Мұхаммедті өлтірді», – деп жүгіріп,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүт анасына барады. Бала
Мұхаммед өз-өзіне келгенде, жұрт оның өңі қашқанын
көреді
». Әнас ибн Мәлик сөзін жалғастырып: «
Мен
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкірегіндегі жарылған
жердің ізін көретінмін
», – дейді»
27
.
26
Ибн Хишам, Сира, 1\301; Табари, Тарих, 2\128.
27
Мүслим, 1/101.