Previous Page  25 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

25

(аят-хадистің) тура мағынасы көрініп тұрғанда, оның

астарлы ұғымын іздеуге болмайды.

Ал енді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкірегінің

жарылу оқиғасын хадистерден қарастырар болсақ,

хадистердің түрлі болып келуіне байланысты оның

бірнеше мәрте жүзеге асқанын көре аламыз. Кейбір

ғалымдардыңайтуынша, бұлүшмәртеболған. Біріншісі,

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үш жасына толғанда, Ха-

лима анамыздың ауылында қой бағып жүрген кезінде,

екіншісі, 40 жасқа толғанда, пайғамбарлық келмей

тұрып, үшіншісі, 42 жастан асқаннан кейін миғражға

көтерілерден бұрын дейді. Ал ғалымдардың басым

көпшілігі оның екі мәрте ғана жүзеге асқанын ай-

тады. Біреуі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүт ана-

сы Халиманың қарамағында болған кезде, екіншісі

миғражға көтерілердің алдында болған. Мына бір риуа-

яттар осы ойымызды нақтылай түседі:

Пайғамбарымыздың бала кезінде көкірегінің

жарылу оқиғасы:

Пайғамбарымыз емшектес бауыры Абдуллаһпен

және Сағдұлдарының балаларымен бірге қозыларды

өріске шығарып, үйдің арт жағында ойнап жүрген

болатын. Кенеттен екі ақ киімді кісі пайда болып,

Пайғамбарымызды (с.а.с.) алып жерге жатқызып,

көкірегін жарып қайта жабады. Абдуллаһ дереу асығып

анасы Халимаға келді де:

– Ана, құрайыштық бауырым бар емес пе, соны

ақ киімді екі кісі ұстап алып, жерге жатқызып, ішін

жарды, сосын қайтып жапты

25

, – деді. Ата-анасының

үрейі ұшып, жүгіріп айтқан жерге барды. Шынында,

25

Әнас ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбарымыздың көкірегінде бала

кездегі оқиғадан тыртық қалып кеткенін айтады. Қараңыз:

Мүслим, Сахих, 1\147 (162).