

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
20
нен кейін тіріледі, Ақибпін – менен кейін пайғамбар
келмейді», – деп айтқаны бар
20
.
Ғалымдар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) есімдері
мұнымен ғана шектелмейтінін айтады. Олардың айту-
ынша, Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сипаттары
ретінде расул, нәби, шаһид, мубәшшир, бәшир, мунзир,
сиражун-нур, муддәссир, муззәммил, хатамун-нәбииун
сияқты есімдері айтылады.
Аллаһ тағала бұдан бөлек хақ Елшісін (с.а.с.) өзіне
тән Рауф және Рахим атты екі есіммен марапаттап,
қадірін айшықтай түскен
21
. Олай болса, Аллаһ елшісінің
(с.а.с.) есімінің көптігі, оның қадірі мен мәртебесінің
биіктігін көрсетеді.
9. Болмыс-бітімі қандай еді?
Аллаһтың жер бетіне жіберген пайғамбарлары
ахлағымен де, ақыл-парасатымен де, дене бітімімен
де ерекше сұлулыққа ие. Пайғамбарымыз (с.а.с.) кең
маңдайлы кісі еді. Қасы қою, аралары өте жақын еді.
Екі қасының арасында ренжігенде ерекше білеуленіп
кететін тамыры бар еді. Көзі қара, кірпіктері ұзын.
Сүрме жақпаса да екі көзі сүрме жаққан секілді бо-
лып көрінетін. Жымиып қарағанда сирек орналасқан
ақ маржан тістері жарқырап көрінетін. Бет-әлпеті
толған айдай нұрлы еді. Дөңгелек жүзді, сақалы тығыз.
Толқын шашы қатты бұйра болмаса да, ортасынан қақ
бөлініп иығына жетер-жетпестей төгіліп түсіп тұратын.
Кейде шашы тұтас таралып тұрса екіге бөлмей тұрған
қалпында жүре беретін. Шашы құлағынан төмен түсіп,
иығына жетпей тұратын. Кекілі маңдайына дейін түсіп
20
Бұхари, Мәнақиб. 17.
21
«Тәубе» сүресі, 128.