Previous Page  19 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

19

шүкіршілік етіп, бірнеше жерге құрбан шалып, үш рет

ас береді.

Осы астан кейін құрайыштықтардың атқамінерлері

сөз бастап: «Уа, Абдумутталиб, осынау асқа себеп-

кер немереңнің атын кім қойдың?» – деп сұрағанда

қарт: «Мұхаммед!» – деп жауап береді. Әлгілер қарап

тұрмай: «Ата-бабаларының бірінің есімін қойсаң бол-

мас па еді?» – дегенде, Абдумутталиб: «Көкте Аллаһ,

жерде халық оған мақтау айтсын деп әдейі қойдым», –

деп түсіндіреді. Демек, Расулаллаһтың (с.а.с.) есімі әу

бастан белгілі болған.

8. Қосымша есімдері мен лақап аттары

қандай?

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түрлі есімдері бар.

Солардың қатарындағы «Мұхаммед» есімі Құранның

бірнеше аяттарында айтылады

18

. АлҚұранның 47-сүресі

«Мұхаммед» есімімен аталған. Кейбір есімдер ежелгі

кітаптарда да кездеседі. Мысалы, хазірет Исаның «Ах-

мед» деген есіммен сүйіншілегенін Құраннан білеміз

19

.

«Мұхаммед» сөзі «мақталуға лайық, мақталушы»

дегенді білдіреді. Ал «Ахмет» сөзі «Аллаһқа ең көп

шүкір етуші» деген сөз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көбіне

көп Мұхаммед есімімен аталып, бұған қоса Хадиша

анамыздан туған Қасым атты тұңғыш ұлына байланы-

сты «Әбул-Қасым» (Қасымның әкесі) деген лақап есімі

болған.

Бір хадисінде: «Менің бес есімім бар. Мен

Мұхаммедпін, Ахметпін, Махимін – Аллаһ күпірді мен

арқылы жояды, Хаширмін – адамдар қиямет күні ме-

18

«Әли Имран» сүресі, 144, «Аһзаб» сүресі, 40, «Мұхаммед»

сүресі, 2, «Фәтх» сүресі, 29

19

Саф» сүресі, 6.