Previous Page  14 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

14

«Біз пайғамбар жібермейінше ешкімді азапта-

маймыз»

11

деп бұл мәселені анық шешіп берген.

Бір күні кемеңгер ғұлама Шарафуддин Мұнауиден

біреу: «Мұхаммед пайғамбардың ата-анасыжаhаннамда

ма?» – деп сұрапты. Данышпан Мұнауи ашуланып:

«Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ата-анасы

фәтрат кезеңінде өмірден өткен. Ал пайғамбарға дейін

өмір сүргендерге азап жоқ, кешірім бар», – деп жауап

беріпті

12

.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әке-шешесі мен

атасының осы тұрғыдан кешірімге қауышатынында

ешқандай күмән жоқ. Оның үстіне бір хадисінде әке-

шешесінің тірілтіліп, өзіне иман еткені туралы айты-

лады. Бұл хадис сын тұрғысынан әлсіз саналғанымен,

Имам Суюти сияқты үлкен ғалымның бұл хадисті

қабылдауы, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әке-шешесінің

иман еткендіктерін білдірсе керек. Екінші жағынан

әкесі Абдулланың да, шешесі Әминаның да пұтқа

табынғанына қатысты ешбір дәлел жоқ. Сол дәуірде де

бір ғана Жаратушыға сеніп, пұтқа табынбай Ибраһим

пайғамбардың (а.с.) дінімен өмір сүргендердің болғаны

белгілі. Фәтрәт дәуірі адамдарының осыдан айрылмай

өмір сүруі жұмаққа кіруіне жетіп жатыр.

Сол дәуірде өмір сүрген Зәйд ибн Амр, Уарақа

ибн Нәуфәл сияқты кісілер де осы топқа кіреді. Олар

жалғыз Аллаһқа иман еткен. Мүмкін, өздері сенген

Жаратушыға қалай құлшылық етуді білмеген шығар,

бірақ Ұлы құдіретке іштей бағынып, ханифтікті

ұстанған, сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әке-

11

«Исра» сүресі, 15.

12

Дамира Өмірзаққызы, Адамзаттың асыл тәжі, «Алтын қалам»

баспасы, Алматы, 2007. 74-б.