Previous Page  12 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

12

кіндік баласы болса құрбандыққа шалатынын айтқан.

Алайда мейірімі шексіз Аллаһ тағала көктен қошқар

түсіріп, бұл дәстүр тоқтатылған еді. Бұл жерде Ибраһим

пайғамбардың Аллаһқа деген иманының беріктігін адам

баласына көрсетті. Міне, содан аман қалған хазірет

Исмайылдың (а.с.) ұрпағынан Пайғамбарымыз (с.а.с.)

келіп отырған жоқ па?!

Негізінде, Абдумутталибтің бұлай уәде беруінің

басты себебі артында қалар мұрагерінің жалғыз

болғандығында, өйткені араб дәстүрінде ағайын-туыс

ұрпағы көпті қуатты деп білетін. Бірде Абдумутта-

либке түсінде бірнеше жылдардан бері көміліп, орны

белгісіз, жоғалуға аз қалған зәмзәм бұлағының орны

көрсетіліп, соны ашу керектігі айтылады. Түс 3 күн

бойы қайталанады. Ақырында, Абдумутталиб бала-

сы Хариспен түсінде айтылған жерді тауып зәмзәм

бұлағының қайнар көзін ашады. Бұлақ ішінен көптеген

алтын мен күміс және құнды заттар шығады. Мұны

естіген жұрт, біздің де ақымыз бар, біз де бұл байлыққа

ортақпыз деп құдықтан шыққан құнды заттарды

барлығына үлестіріп беруін талап етеді, бірақ Абду-

мутталиб ешкімге бермейді. Оған ыза болған Адый

ибн Нәуфал деген кісі: «Сенің жалғыз ұлыңнан басқа

ешкімің жоқ», – деп намысына тиетін сөз айтады. Бұл

Абдулмутталибтің жанына қатты батып, Қағбаның жа-

нында тұрған күйде: «Аллаһқа ант етейін, егер маған он

ұл нәсіп етсе, солардың бірін осы Қағбаның жанында

құрбандыққа шаламын», – деп айтып қалады.

Ұлы Жаратушы Абдулмутталибке он ұл нәсіп етеді.

Ұлдары ер жеткенде барлығын ертіп Қағбаға барады да,

сонда ғибадатпен айналысатынбір кісіге: «Ұлдарымның

арасында жеребе тарт, кімге түссе, соны құрбандыққа

шалайын», – дейді. Жеребе Абдуллаға түседі. Алай-