Previous Page  13 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

13

да Құрайыштың ақсақалдары баланың құрбандыққа

шалынуына қарсы шығып: «Оның орнына он түйені

құрбан ет», – дейді. Абдулмутталиб Қағбадағы кісіге

қайта келіп: «Енді он түйе мен Абдулланың арасында

жеребе тарт», – дейді. Жеребе тағы да Абдуллаға түседі.

Абдулмутталиб түйенің санын жиырмаға көтеріп, тағы

жеребе тартқызады. Жеребе қайтадан Абдуллаға түседі.

Ақырында, түйенің саны жүзге жеткенде ғана жере-

бе түйелерге түскен екен. Абдулмутталиб жүз түйені

құрбандыққа шалып елге оралады. Абдулла осылайша

пышаққа ілінбей аман қалады.

5. Ата-анасы мүмин бе?

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ата-анасы фәтрәт дәуірінде

өмір сүрген. Фәтрәт дәуірі деп екі пайғамбардың

арасындағы уақыт кезеңін айтады. Әсіресе, Иса

(а.с.) мен хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) арасындағы

уақытты меңзейді. Хазірет Исаның (а.с.) әкелген діні

бұрмаланып, ақиқат шуағы пайғамбардың заманы-

на жетпегендіктен, сол кезеңдегілер фәтрәт дәуірінің

адамдары деп аталған.

Бұл дәуірде өмір сүргендер Иса пайғамбардың (а.с.)

шынайы дінін толық түсіне алмай, не Пайғамбарымыз

(с.а.с.) насихат қылатын Ислам дініне жете алмай

дүниеден озған. Егер олар пұтқа табынбаса, оларды

құдай деп қабылдамаса, тіпті Аллаһқа толық иман

етпегеннің өзінде кешірілетіні туралы ғалымдардың

көпшілігі ортақ пікірге тоқтаған, өйткені Құранда:ً

وَمَا كُنّا مُعَذِّبِينَ حَتّى نَبْعَثَ رَسُولا