Previous Page  18 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

18

ең абзалының ғана атын жазатыныңды ұқтым», – деп

жауап береді. Аллаһ тағала: «Шындығында, Мен

үшін Мұхаммед – жаратылғандардың ең сүйіктісі.

Соның құрметі үшін тілегіңді қабылдаймын, өйткені

Мұхаммед болмағанда сені де жаратпас едім», –

дейді

15

. Сондай-ақ

«Заманның мырзасы келу үшін мен

кетемін»

16

деген Иса пайғамбар (а.с.) тікелей «Ахмед»

деп атап әлдеқашан сүйіншілеп кеткен. Кей деректерде

осы сүйіншіге сүйеніп біршама әһл-кітап қауымының

өкілдері сәбилеріне «Мұхаммед» есімін қойғандары

да айтылады. Мысалы, Бәни Тәмимнен Суфиан ибн

Мужаши деген кісі Шамға барып, бір поптың үйінде

қонақ болады. Суфиан өзінің Мудар екенін айтқанда

поп: «Арабтардан бір пайғамбар шығады. Есімі –

Мұхаммед», – дейді. Мұны естіп ол дүниеге келген

баласының атын «Мұхаммед» деп қояды. Алайда бала

есейе келе поп болған екен.

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың анасы Әмина да

оның атының Мұхаммед болатынын білген. Босануы-

на санаулы күндер қалғанда Әминаға ұйықтап жатқан

шағында: «Сен адамдардың ең қайырлысына және

мына үмбеттің иесіне жүктісің. Оны босанғанда «Бүкіл

қызғаныштардан сақтаушы Аллаһ тағалаға сиынамын»,

– деп айт та, атын «Ахмед» немесе «Мұхаммед» қой»,

– деп аян келген

17

.

Әмина анамыз ұлын жарық дүниеге әкелгеннен

кейін көрген түсін қайын атасы Абдулмутталибке ай-

тады. Арада жеті күн өткенде атасы Пайғамбарымызды

(с.а.с.) Қағбаға алып барады. Ұлы Жаратушыға

15

Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Ниһая, 1\75; Құртуби, әл-Жамили

ахкамил-Құран, 1\324; Қасталани, Мәухиб, 1\7, 16.

16

Юханна 18/6.

17

Ибн Касир, әл-Бидая уан-Ниһая 2/263.