

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
24
бұл істе табысты болатындығын білдірді. Дін үшін алу
мен жеке қажеттілігі үшін еңбек етудің артықшылығын
ұқтырды.
12. Көкірегінің ашылуын (шарх-садр)
қалай түсінеміз?
«Шәрх»
сөзі
сөздіктерде
«ашу,
кеңейту,
түсіндіру, баяндау» деген мағыналарды береді. Ал
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзіне ғана қатысты «Аллаһ
садрыны шәрх етті» дегені – Аллаһ тағала оның жүрегін
кеңейтті, ақиқаттан ауытқымау үшін көкірек көзін ашты
деген сөз. Ғылыми мағынасы – періштелердің келіп
хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) кеудесін жарып, зәмзәм
суымен жуғанын, алтын ыдыспен әкелген иман мен
хикметті кеудесіне орнықтырғанын айтады.
Құран кәрімде бұл туралы: «Сенің көкірегіңді
(хикмет және Құран нұрымен) кеңейтпедік пе?
Беліңді қайыстырған ауыр жүкті алып тастадық.
Абыройыңды көтердік. Шындығында, ауырлықтың
соңынан жеңілдік келеді. Ауырлық бар жерде жеңілдік
те бар. Қол босаған кезіңде Аллаһқа құлшылық етуге
құлшын. Раббыңа қарай жақында», – делінген
24
. Бұл
аятта сөз болған «шәрх-садрды» түсіну кезінде түрлі
көзқарастар туындаған. Бірі бұл оқиғаны заттай, яғни
кеудесінің шынымен де тілініп, жүрегінің алынғанын
айтса, енді бірі бұл жерде ауыспалы мағынада сөз
етіліп отырғанын, Хақ тағала пайғамбар (с.а.с.) жүрегін
иман мен мағрифатқа бөлегенін айтады. Бұларды
жақсылап зерттеп қарасақ, мұның заттай орындалғаны
шындыққа жақынырақ екенін көреміз, өйткені Құранды
тәпсірлеуде ұстанатын заңдылықтардың бірі – настың
24
«Инширах» сүресі, 1-8.