

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
27
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) миғражға көтерілер
кезінде орын алған оқиғасы:
Әбу Зәрр жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.)
былай дейді: «Меккеде болғанымда маған Жәбірейіл
келді де көкірегімді жарып, оны зәмзәм суымен таза-
лады. Сосын алтын ыдысты алып келді. Ішінде хикмет
пен иман толы еді. Оны көкірегіме жарып құйып бо-
сатты да, қайта жауып қойды. Сосын қолымнан ұстап
аспанға көтеріп алып кетті»
28
.
Кеудесінің ашылуы, жүрегінің жуылуы сынды
таң қаларлық нәрселерді заттай болды деп айтылса,
сол айтылған күйінде қабылдау керек, өйткені бар-
ша әлемді жоқтан бар еткен Аллаһ тағала мұны да
істей алады. Қалайша Ибраһим пайғамбардың әйелі
қартайған шағында (90 жасында) Аллаһтың қалауымен
перзентті болды, Иса пайғамбар әкесіз туылды, Адам
(а.с.) топырақтан жаратылды, Хауа анамыз оның
қабырғасынан жаратылды, сол секілді Аллаһтың
қалауымен періштелер Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
көкірегін жарып, жүрегін хикмет пен иманға толтырды.
Негізінде, адамның жүрегі алынса, бір сәт болса да
адам өмірімен қоштасады, ал Пайғамбарымызда (с.а.с.)
ешқандай ауыру да, зиян да болмаған. Әрі жүрегін еш
емдеусіз, құрал-жабдықсыз қайта орнына қойған. Ар-
тынша өзіне еш нәрсе болмағандай үйіне жүгіріп барып
болған жағдайды баяндап берген. Аллаһтың бұл ісінен
мынадай хикметтер көре аламыз:
1) Иман, даналық, мейірімділік секілді түрлі
сезімдер мен рухани азық тікелей жүрекке байланысты,
сондықтан жүректің сумен тазаруы, сыртқы тазалықты
білдірсе, оның иманмен, хикметпен толтырылуы руха-
ни азықтың маңыздылығын білдіреді.
28
Бұхари, Мүслим.