

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
31
деп, Иса мен Мұса пайғамбарды мойындаған яһудилер
мен христиандардың Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) да
мойындау керектігін білдірген, өйткені кімде-кім Аллаһ
тағаланың бір екендігін мойындап, бірақ Мұхаммедтің
(с.а.с.) елші екендігін мойындамаса, жаннатқа кірмейді.
Бір күні хазірет Омар (р.а.) келіп былай дейді:
«Уа, расулаллаһ, мен Бәни Құрайза яһудилерінен ба-
рып Таураттан бір нәрсе жазып беруін сұрадым. Олар
сұрағанымды жазып берді. Соларды оқып берейін бе?»
– деп сұрағаным сол-ақ екен, нұрлы жүзі өзгеріп сала
берді. Отырғандардың бірі Пайғамбарымыздың бұған
ренжігенін айтты. Сонда хазірет Омар (р.а.): «Мен Раб-
бым ретінде Аллаһқа, дін ретінде Исламға, пайғамбар
ретінде Мұхаммедке разымын», – дейді. Сонда ғана
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүзі жадырап сала береді.
Артынша былай деді:
«Құдіреті күшті Аллаһқа ант
етейін, егер араларыңа хазірет Мұса келіп, әлдекім
оған ерер болса, адасады. Сендер үлесіме тиген
үмбетсіңдер, мен сендерге келген пайғамбармын»
33
.
Осылардың барлығынан түсінетініміз, Пайғам-
барымыздың (с.а.с.) өзі де, насихаттаған діні де қияметке
дейінгі адамдардың барлығына ортақ. Енді пайғамбар
келмейтіні сынды Исламнан кейін де ешқандай дін
Аллаһтың құзырында қабыл болмайды, өйткені соңғы
дін – адамзаттың барлық мәселелерін жан-жақты
қарастырған толыққанды дін. Тек соны түсініп, әркім
өз қажетіне жарата алғанда ғана жемісін көрмек.
33
Дарими, Мұқаддима 39; Ахмед ибн Ханбал, 3/471, 4/276.