

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
32
14. Таурат пен Інжілде Пайғамбарымыз
(с.а.с.) туралы айтылған ба?
Аллаһ тағала соңғы пайғамбарды бүкіл адамзатқа
жібергендіктен, бұрынғы елшілердің барлығы өз
үмбеттерінің ақырғы нәбиге сеніп, қолдау көрсетулері
жөнінде уәде алған.
Хазірет Али (р.а.) мен хазірет Ибн Аббастан (р.а.)
осыған қатысты мынадай риуаят жеткен: «Мұхаммедке
иман етіп, қолдау көрсетулері үшін Аллаһ тағала
барлық пайғамбарлардан уәде алған. Сонымен қатар,
олардың өз үмбеттерінен, егер ақырзаман нәбиін көруге
ғұмыры жетсе, оған иман етіп, қолдау көрсетулері
жөнінде де уәде алуларын әмір еткен. Жаратушы Иеміз
хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) сипаттарын алдыңғы
пайғамбарларға түсірген кітаптарда білдірген».
Яһуди мен христиандардың соңғы елшінің келетінін
білгендері сенімді дереккөздерде анық көрсетілген. Тау-
рат пен Інжілде түр-тұлғасын соқырға таяқ ұстатқандай
етіп түсіндіріп берген, бірақ уақыт өте келе бұл кітаптар
өрескел бұрмаланған. Алайда бүгіннің өзінде зерделей
қарасақ, соңғы елшіге қатысты көптеген мәліметтерді
кездестіреміз.
Хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) алдыңғы кітаптарда
білдірілген сипаттары аударманың нәтижесінде көп
өзгеріске ұшыраса, енді бірде қасақана бұрмаланған,
бірақ сол діндердің ар-ұжданы таза ұстанушыларының
арасында бүгіннің өзінде Таурат пен Інжілден
адамзаттың асыл тәжі (с.а.с.) жайында нақты сілтемелер
тауып, ақиқатқамойынсұныпжатқандарыда баршылық.
Яһудилердің хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) шынайы
пайғамбар екендігін білгендігіне байланысты тарих
ғалымдарының пікірі бір арнаға ойысады. Исламнан
бұрын ұзақ уақыт бойы көрші қоныстанған мәдиналық